Жемқорлықсыз болашақ – әр азаматтың үлесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптасқан парасатты қоғам құру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін форумды Департамент басшысы Ахметқалиев Қуаныш Жұмағалиұлы ашып, әрі қарай патриоттық әнге ұласты.
Форум барысында Республикалық «Саналы ұрпақ» слеті, жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары және облыстық сурет байқауының қатысушысы өз өнерлерін көрсетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысында белсенділік танытқан бірқатар белсенді азаматтар, волонтерлер департамент басшысының алғыс хатымен және өңір тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы үздік мақала байқауының жеңімпаздары қоғамдық даму басқармасы басшысының дипломдарымен марапатталды.
Шара соңы жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасты.