Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстанда бензин қымбаттайды – Энергетика министрі

Қазақстанда бензин қымбаттайды – Энергетика министрі

Фото: iz.ru
Мәжілісте өткен брифингте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бензин бағасы өсетінін мәлім етті, – деп хабарлайды 
Massaget.kz тілшісі.
Министр бағаның өсуі – Қазақстанда мұнай өнімдерінің жетіспеушілігімен байланыстырады.
«Қазіргі уақытта біздің нарық тапшылықты сезініп отыр. Тапшылықты жабу және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін модернизация жүргізіліп жатыр. Модернизацияны жүзеге асыру үшін тиісті қаражат қажет. Мұнай өнімдерінің бағасында жабдық сатып алу, қызмет көрсету, операциялық шығындар, логистика, жаңа мұнай құбыры және теміржол инфрақұрылымын салуға алынған қарыздар да есепке алынатын болады», – деп ескертті Сәтқалиев.
Cәйкесінше, бензин бағасының көтерілуі – мұнай өнімдерінің бағасына әсер етпей қоймайды.
«Бағаның қандай болатыны – ішкі нарықтағы мұнай бағасына байланысты. Қазіргі уақытта біздің ішкі нарықтағы баға көршілес елдермен салыстырғанда ең төменгі деңгейде, мұнай өнімдерінің бағасы да ең төменгі. Нарық ашылған жағдайда, біздің арзан өніміміз қымбат өнімдермен араласып кетеді, бұл өз кезегінде бағаның өсуіне әсер етеді», – деп қосты министр.
Айта кетейік, 2036 жылы жеңіл мұнай өнімдерінің жетіспеушілігі күтілгендіктен, жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. 
25 қараша 2024 ж. 225 0