Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Жаңақорған ауданында болды.

Облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Жаңақорған ауданында болды.

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Жаңақорған ауданында болды.
Төраға ауданымыздағы сапарын аудандық бастауыш партия ұйымы төрағаларымен және мәслихат депутаттарымен кездесуден бастады.
Жиында бірінші болып сөз алған облыстық партия филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жиынға қатысушылар мен аудан жұртшылығын алда келе жатқан Республика күнімен құттықтап, партияның атқарған және алдағы мақсат-жоспарына, партиялық жобалар аясында жасалынып келе жатқан жұмыстарға тоқталды. Соның ішінде "Ауыл Аманаты" мен "Жер Аманаты" жобасы бойынша, халыққа берілген уәде Сайлауалды бағдарламаның орындалуы аясына да тоқталып өтті.
Партияға төрағалық еткен уақыттан бері партия мүшелерімен алғаш рет кездесіп отырған Алмасбек Әбілхасымұлы Жаңақорған ауданы партияның негізгі бағыттары бойынша жұмыс атқаруда көш ілгері екенін айта келе жастардан құралған «Жаңарған Жаңақорған Жастары»-ның да игілікті ісі көпке үлгі екенін тілге тиек етті.
Одан әрі әр саланың белсенділерін партияға мүшелікке қабылдап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеген төраға жастар қоғамның қозғаушы екенін, бұдан әрі де тек ел болашағы үшін қызмет ете беру керек екенін айтып өтті.
22 қазан 2024 ж. 170 0