Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Астаналық жасөспірім адамдарды 11 млн теңгеге алдап соққан

Астаналық жасөспірім адамдарды 11 млн теңгеге алдап соққан

Астанада кәмелетке толмаған алаяқ тұрғындарға банктік қосымша арқылы ақшалай несие рәсімдеу жоспарын ойлап тапқан.

Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, жасөспірім жәбірленушілерге несие рәсімдетіп, ақшаларын трейдингтік компанияларға инвестициялайтынын айтқан. Барлық несиені өзі жабуға уәде берген. Сонымен қатар алаяқ жәбірленушілерді қарыз сомасының 22% түрінде, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% түріндегі сыйақы беремін деп алдаған.
“Осылайша, кәмелетке толмаған күдікті 20 жәбірленушінің 11 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырған. Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті болмағанын анықтады. Ол барлық ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған”, – делінген хабарламада. 

Сот жасөспірімді кінәлі деп тапты. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылып, үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура тұрғындарды тез және үлкен табыс әкелетін күмәнді мәмілелерден бас тартуға шақырды. 
23 қазан 2024 ж. 314 0