№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАМҚОР АҒА ЕСТЕН КЕТЕР МЕ

ҚАМҚОР АҒА ЕСТЕН КЕТЕР МЕ

Минер Рамазанұлы АРЫСБАЕВ қазақ баспасөзінің қарымды қаламгері,
іргеліазамат,мінезгебай,ұжымғаұйытқыбасшы,жасталапкерлердің
қамқор ұстазы еді. Егер ол бүгінде өмірде болғанында тоқсан жасты еңсерген
қазына қарияға, абыз ақсақалға айналары сөзсіз-ді. Бұл сөзімізді қадірлі
Мәкеңмен өмірінің әр кезеңінде қызметтес болған кісілер пікірі растайды.
-Минердіңқарамағындакөпжылқызмететтім.ОндаолШиелі
аудандық «Өскен өңір» газетінің редакторы еді. Мәкең көпшіл, бірге істейтін
қызметтестерін жақын туысындай іш тартып отыратын. Сондай-ақ орысша-
қазақшасауаттыеді.Сондықтандагазеттіңәрбасылымыныңкөркем,
мазмұндышығуынқадағалап,күндіз-түніерінбейтін.Бойындағыбілімін
өзгелерге де үйретуден жалықпайтын,- депті бұл күнде марқұм ақын Мәрия
Жұматова 2000 жылы баспасөзде жарияланған сұхбатында.
Жаңақорғанаудандық«Коммунизмжолы»газетіредакциясында
қызметтес болған қаламгер Файзулла Сахиев әріптесі Минер Арысбаевты
барынша мейірімді, еш дауыс көтермейтін байсалды да биязы жан еді деп
сипаттайды.
Мәкеңді бала күнінен білетін замандасыШайдарбек Әшімұлы 2003
жылғы26маусымда«Жаңақорғантынысы»газетіндежарияланған
«Талантты азамат еді» деген естелігінде былай деп еске алады: «Мінер
Рамазанұлы Арысбай немересі өмірдің ащы-тұщысын бірге татып, бірге
оқып, өскен, соғыс жылдарындағы балалық шақтың қиыншылықтарын бірге
бөліскен замандасым еді. Өмірге деген құштарлығымен, көпшіл мінезімен,
халықтыңталап-тілегінбиікмінбелерденжасқанбайайтыпкөзгетүсе
бастаған шағында, 38 жасында дүниеден өтті.Мінер 1933 жылы Ақүйек
ауылдық кеңесінің қамтуындағы «Жалаңаш» (26-разъезд) бекетінде дүниеге
келді.».
НұрмаханЕлтай2000жылымаусымдаБаспасөзкүніқарсаңында
Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінде жарияланған «Минер» деген
еске алу мақаласында Минер Ағаны «1933 жылы Жаңақорған ауданының
Жетітөбе бекетінде дүниеге келген» деп көрсеткен.
Мәкеңніңбала жастан тұстасыШайдарбек Әшімұлының 2003 жылы
және Минер Ағаныңрухани ізбасары – көрнекті сатирик қаламгер Нұрмахан
Елтайдың Минерді көзкөргендердің естеліктері негізінде Минер дүниеден
өткенен соң отыз жылдан кейін 2000 жылы жазылған жоғарыда аталған
естеліктеріндегі кейбір деректер Мәкеңнің қызы Нұржамал ұсынған және
Шиелі аудандық мұрағаты арқылы іздестіріп табылған ресми құжаттармен
салыстырғандасәйкесебермейтінболыпшықты.СондықтанМинер
Арысбаевтыңөміріненмәліметтердіқұжаттарбойыншадәлдейотырып
баяндаймыз.
Минер Рамазанұлы Арысбаев 1967 жылы 27 наурызда өз қолымен
жазған өмірбаянында, кадр жеке парағында және Шиелі аудандық ішкі істер


2
бөлімінен 1970 жылы 12 мамырда алған жаңа төлқұжатында 1933 жылы
27 ақпанда Ташкент қаласында, яғни Өзбекстанда теміржолшы жұмысшы
отбасында дүниеге келгенін көрсеткен. Бұл орайда мына тарихи жағдайды
ескеалуымызкерек.Кеңесөкіметіорнағандақазаққоныстанғанталай
атамекен жер Өзбекстанға қарап кетті, бұдан басқа аумалы-төкпелі заманда
ашаршылықты, қуғын-сүргінді көрген қаншама қазақ отбасы бас сауғалап
сыртелдерге,соныңішіндеөзбекағайынарасынабарыппаналады.
Сондықтан Арысбай ұрпақтарының Өзбекстанда өмір сүріп, кейін атажұртқа
туыстар ортасына көшіп келуі тосын жәйт емес. Талай қандасымыз бастан
кешкен жағдай. Миллиион қазақ атажұртым деп қазір де Өзбекстанда өмір
сүріп жатыр.
МинердіңәкесіРамазан1896жылытуғанкісіекен.19041905
жылдары Орынбор – Ташкент темір жолы Жаңақорған үстінен өткенде ол
бала жастан жол салу құрылысына араласқан. Содан зейнеткерлік жасқа
жеткеншеосысаладаүздіксізжұмысістепті.Бейнеткештігібағаланып
кеңестік Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрметті теміржолшы» мәртебелі
арнайы атақпен марапатталған. 1908 жылғы анасы Мәрия да отағасымен
бірге темір жолда еңбек еткен. Олардан Райса, Роза, Несібелі есімді үш қыз,
Минер, Әнуарбек атанған екі ұл өрбиді. Мәкең өз өмірбаянында зейнеткер
ата-анасы Жаңақорған ауданында сол темір жол 26-бекетінде тұрып жатыр
деп көрсеткен.
Минердің әкесі де, анасы да аңыз, қисса, ертегілерге қанық, әңгімешіл
жандар болыпты. Олар отбасында балаларына айтқан қызықты әңгімелерді,
ғажайыпертегілердітыңдауданбалаМинержалықпайөскен.Солбір
тартымды хикаялар оның балаң қиялын қанаттандырып, жазуға құмарлығын,
шежірешілдігін оятқан. Минер мектепте үздік оқиды, осы оқуда озаттық
алдағы кезде де жалғасқан.
Минер1948жылыжетіжылдықмектептібітіргенсоңТүркістан
педагогикаучилищесінетүседі,оны1952жылы1тамыздаайрықша
дипломмен бітіріп шығады. Бастауыш мектептің мұғалімі деген мамандық
алады.
Сол училищедегі оқушы кездерін Шайдарбек Әшімұлы тағы да былай
деп еске алады. «Көркем әдеби кітаптарды көп оқитын. Педучилищенің
қабырға газеттеріне тартымды сын мақалалар жазып, сол газеттің редакторы
да болды. Газетті бірге шығаратынбыз. Қол боста «Қыдырыстап қайтайық»
дегенде,«Меніқинамаңдар,бірдеңежазыпжатыредім,соныаяқтауым
керек»депкөбінеермейқалатын.«Нежазыпжүрсің?»десем,«Кейін
көресіңдер ғой» дейтін де қоятын. Менің білетінім, 48 беттік үш қалың
дәптері бар-тын.».
УчилищеніүздікбітіргенжасмаманМинербірденЖаңқорған
ауданында темір жол 25-бекетіндегі бастауыш мектеп меңгерушісі болып
жауапты жұмысқа тағайындалады. Осылай Минердің темір жол бойында
өткізген өмір кезеңдері әркімнің ол туралы естеліктерінде оның туған жерін
«Жетітөбе»25-бекетіәлде«Жалаңаш»26-бекетідеппайымдауғанегіз


3
болғандай. Кейін журналист Минер ата-ана кәсібін, балалық шағын есіне
алған болар, «Жетітөбе» бекетіндегі жолшылар тіршілігінен «Поездар өтіп
жатыр...» деген жып-жылы репортаж да жазады.
Аңсары жазуға ауған талапты жасты мұғалімдік жұмыс ұстап тұра
алмаса керек, Минер 1953 жылы Алматыдағы С. М. Киров атындағы Қазақ
мемлекеттік университеті (қазір әл-Фараби атындағы ұлттық университет)
филология факультетінің журналистика бөліміне түседі. Осы бір қуанышты
шаттық шақ кезінде оның қиялынан «Алғашқы әсер» дегенөлең болып
төгіліпті.
Көшелері астанамның тамаша,
Гүл егілген, көз тойғысыз қараса.
Екі жаққа зәулім терек тізілген,
Бір жағы тау. Су ағады жарыса.
Жүріп келем, жан-жағыма қараймын:
Жалтыр асфальт көл секілді бір айдын.
Мөлдір көкте нұрын төге күн күлсе,
Қызыл шешек түрін беред арайдың.
Білім іздеп келдім КазГУ – арманым,
Ғылымыңа жылдарымды арнадым –
Дегенімде: «Сенде ұшталар қаламым»,
Деді бақыт: «Құтты болсын қадамың!»
Бұлшумақтарарманқуып,оқуіздепАлматығабарғанталайдың
талапкершағын,оқуғақабылданғаналаулысәтінесінетүсірерісөзсіз.
Студент Минер университетте кейін қазақ журналистикасының тұлғаларына
айналған Рысхан Мусин, Еркін Ібітанов, Есмұханбет Аймағанбетов, Руслан
Ахматуллиндерменбіргеоқыды.Минерүздікоқуменқатар
шығармашылықпен де айналысады.
Осы жылдары болашақ журналистерге дәріс берген ұстаздардың бірі
әйгілі сатирик, Шиелінің тумысыСейділда Төлешев еді. Елуінші жылдардың
орта шеніне дейін Қазақстанда даярланған журналистердің бәрі бұл кісінің
алдынкөрген.Солардыңбірі,әрине,МинерАрысбаев.СейділдаҚазақ
мемлекеттікуниверститетіндеболашақжурналистерменәдебиетшілерге
сатирадан дәріс оқыды, студенттерге сын-сықақ жанрлары бойынша курстар
мен семинарлар жүргізді. Ол ұстаздық ете жүріп, 1949 жылы университеттің
«За отличную учебу» (қазір «Қазақ университеті») көп таралымды газеті
шыққанда, соның алғашқы редакторы болды, өзі сабақ беретін болашақ
журналист студенттерді тарта отырып, оларға газет шығарудың қыр-сырын іс
жүзінде үйретті де. Минердің сатираға, сын-сықақ, әзіл әңгімелер жазуға
бейімдігінбекемдейтүскенұстазыосыСейділдаТөлешевболар-ау.
Университеттің соңғы курсында-ақ Минер Арысбаевтың пубицистикалық
материалдары республикалық басылымдарда жариялана бастайды. Минер
университеті 1958 жылы журналистика мамандығы бойынша тағы да үздік
белгі дипломмен бітіріп шығады.


4
Оқуды бітірген шақта КСРО Қатынас жолдары министрлігінің Қазақ
темір жолына қарасты республикалық «Теміржолшы» газетінің редакторы
Базарбай Сарбасұлы жас маман Минерді қызметке шақырды, осылай оның
журналистік жолы 1958 жылдың тамызында Ақтөбе қаласында басталды,
салалықгазеттешыңдалды.«Теміржолшының»Ақтөбе,Гурьев(қазір
Атырау),Оралбөлімшелері,1959жылымамырданҚызылорда,Арыс
бөлімшелері бойынша меншікті тілшісі болады. Тікелей өндіріс саласынан
қалам тартып көзге түскен М. Арысбаев 1962 жылы наурызда Қызылорда
облыстық «Ленин жолы» (қазір «Сыр бойы») газеті редакциясында өнеркәсіп
және көлік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады.Алайда мұнда көп
аялдайқоймапты.1962жылдыңшілдеайындақайтадан«Теміржолшы»
газетіне қызмет ауыстырады. 1963 жылдың басынан «Теміржолшы» газеті
жабылып, М. Арысбаев Қызылорда темір жол бөлімішесінің кадр бөліміне
инспектор қызметіне қабылданады.
1963 жылы елде осыдан бір жыл бұрын жабылып қалған аудандық
газеттер қайта ашылатын болды. Солардың бірі – 1963 жылы 1 мамырдан
«Өскен өңір» деген жаңа атаумен қайтадан шығатын Шиелі аудандық газеті
еді.ҚазақстанКоммунистікпартиясыҚызылордаоблыстықкомитеті
редакция құрамын нығайту мақсатында білікті журналист маман Минер
Арысбаевты осында жолдайды.Ол 1963 жылғы 20 сәуірде редакцияныңауыл
шаруашылығы бөлімінің меңгерушісы болып тағайындалады. Редакцияда
газетшығаружұмысынұйымдастырудантәжірибесі,арнайыбілімібар
жалғыз журналист маман Минер еді. Редактор танымал қаламгер Дүйсенбі
Смаилов болатын.
Үш жылдан кейін 1966 жылы мамырда М. Арысбаев редактордың
орынбасарықызметінекөтеріледі.1967жылынаурыздаД.Смаилов
Қазақстан Коммунистік партиясы Шиелі аудандық комитетінің хатшысы
болыпсайланадыдажурналистМинерАрысбаевредакторболып
тағайындалды. Бұл қызметті ол үш жырым жыл – 1970 жылғы тамыздың
аяғына дейін атқарды. Минерден кейін редактор қызметіне осыған дейін
редактордың орынбасары болып келген Зәкім Жайлыбаев тағайындалды.
Газет тірегі – ел ішіндегі талапты тілшілер, халықтан келетін хаттар.
Минержергіліктітілшілерменжұмысқа,олардытәрбилеуге,бұқарамен
байланысқа аса мән берді. Газетте хаттар беті жүйелі ұйымдастырылып
отырды. Тілшілердің бейімін баптау үшін «Тілшілер бұрышы» деген арнайы
айдарашылып,газетжанрларыныңерекшеліктері,сипаты,құрылымы
таныстырылды. Осы ретте Минер жазған «Тілшіге қойылатын талаптар»
деген мақала бүгінгі күні де өзекті. Осылай оқырмандармен, тілшілермен
байланысжолғақойылуыгазеттіңмазмұнынбайытты,басылымының
таралымы өсті.
Өмірбелестеріндекімбастаннекешпейдідейсіз.Шаттықпен
жабырқау,өрлеументөмендеуалмасыпкеліпжатады.Адамныңмінез
серпіні, рух қайраты осындай алакөңіл сәттерде көрінеді. Мәкең қызметімнен
түстімдепкүйректіккесалынбады.Өсіп-өрбігенЖаңақорғанауданына


5
қонысаударды,аудандық«Коммунизмжолы»газетіндежурналистік
қызметін жалғастырып кетті. Алайда... 1971 жылы 19 ақпанда газет шығару
кезекшілігін өтеп, түнде үйіне қайтып келе жатқанда қапияда қаза тапты.
Осы ретте ойыма келеді, 1975 жылы тағы да Шиелі аудандық «Өскен
өңір» газетінің бұрынғы редакторыДүйсенбі Смаилов Қызылорда облыстық
«Ленинжолы»газетіредакторыныңорынбасарыжаңақызметінде
жүргенінде43жасындақастандықтанжұмбақжағдайдақазатапты,
қылмыстың жай-жапсары ашылмады. Сірә кеңес заманында партияның өткір
қаруы – баспасөз басшылығында адал да табанды адамның жүргені әлдекімге
қауіп көрінді ме екен...
Минер небәрі 37 жаста болатын, енді бір аптадан кейін 27 ақпанда 38-
ге шығатын еді... Ол шығармашылық толысу кезеңінде мезгілсіз дүниеден
өтті. Қазір оның отбасында сақталған жеке мұрағатында қалған туындылары
көп емес. Кезінде кітап шығарсам деп дайындап, Алматыда баспаға өткізген
қолжазба жинағы жоғалған. Бірақ уағында түрлі басылымдарда жарияланған
және олардан басқа үйінде сақталған әзіл, сықақ әңгімелерін жинастырса, бір
кітапшығаруғаболареді...Мәкеңніңжекемұрағатындасақталған
адамгершілік мәселелеріне арналған «Айыпты тек арақ па?», «Шешені көріп
қызөсер»,«Тезқасындақисықағашжатпайды»дегенмақалалары,
«Әбдірақымның әлегі», «Қоңырау», «Құрдас және келіншек», «Сотқарлар»,
«Қыңыр» деген әзіл-сықақ әңгімелері, «Өгіз» ертегісі, «Екі еріншек» аңызы,
нақ қазіргі уақытта жазылғандай, өміршең туындылар.
МинерАғакөзжұмғалыберіелужылданастамуақытөтіпті.
Әкелерінен жастай қалған үш қызы – Нұржамал, Бибіжамал, Ғалия, үш ұлы
Мақсат, Мұрат, Қайрат өмірден өз орындарын тапқан. 1957 жылы студент
шағында Кеңескүл Тасқожақызымен отау құрған жігіт Минер жарына арнап
жүрек сезімін былай жеткізген екен:
Өте жақсы, біреудің сүйіктісі бол алсаң,
Ғашық болып табысып, таза сертпен қол алсаң.
Ұялаған қуаныш лүпілдетіп жүректі,
Арнау үшін жарыңа өлең жаза толғансаң.
Ақын емес болсаң да көңіл тасып шарықтар,
Шабыт туар өлеңге, онда қандай парық бар?!
ОтызбіржасындажесірқалғанжарыКеңескүлТасқожақызы
Базарқожаеватұрмысқиыншылықтарынмойымайеңсеріп,шиеттейжас
қалған балаларының бәрін де қатарынан кем қылмай жетілдірді. Кеңескүл
бұлкүнденемерелерменшөберелерсүйгенаяулыәже.«Орнындабар
оңалар» деп халқымыз бекер айтпаған.
Минер Арысбаевты ең алғаш 1969 жылдың қазан айында көрдім. Сол
жылыШиеліауданында«Алғабас»ортамектебінбітіріп,балакезден
армандаған журналист оқуын іздеп Алматыға тарттым. Журналистикаға түсу
үшінбаспасөздежарияланғанкеміекі-үшмақалаңжәнередакцияосы
азаматтан келешекте журналист шығады деп берген мінездеме болуы керек.
Ауылымызда монша жоқ деп сынаған ең алғашқы шағын мақалам Шиелі


6
аудандық «Өскен өңір» газетіне 1968 жылы шыққан, одан кейін де бірнеше
мақалам, көлемді суреттемем осы газетте басылған. Редакция жол болсын
айтты. Сол кезде Қазақстанда университет біреу, ол – С. М. Киров атындағы
Қазақ мемлекеттік университеті, журналистика факультеті де жалғыз, ол осы
университетте. Сонымен журналистика факультетіне күндізгі бөлімге түсе
алмағаныммен, қыркүйек айының соңында сырттай бөлімге қабылдандым.
Бірайдайкіріспесабақоқыдық.Қазанныңаяғындакөтеріңкікөңілмен
Шиеліге,ауылғакелдім.АуылымолкездеЛенинатындағыколхоздың
бөлімшесі«Қызылдиқан»,ол1975жылыколхозданбөлініп,жаңдан
құрылған«Телікөл»совхозыныңорталығынаайналды,қазірқазақтың
көрнекті ақыны, түп тегі осы ауыл Әбділда Тәжібаев атындағы ауыл.
Ендігі ойым – редакцияға келешек мамандығыма сай жұмысқа тұру.
Оқуға түскенімді растайтын студенттік билетімді және сынақша кітапшама
қалтамдытомпайтып«Өскенөңірдің»редакциясынакелдім.Олкезде
редакция мен аудандық баспахана бір ғимаратта – Мәдениет үйінің жанында
орналасқан болатын.
Редакция қызметкерлерінің аты-жөніне сырттай қанық болғаныммен,
бәрін бірдей тани бермейтін едім. Имене басып редакторға кірдім. Редактор –
МинерАрысбаев,жүзбе-жүзбіріншіреткөруім.Редактордыңкеңдеу
кабинетінде төрде кең маңдайлы, жүзі жылы, қабағы ашық, иықты кісі отыр.
-Кел, кел,- деп алдына шақырды, орындыққа отыруды ұсынды. Қоңыр
дауысты екен.
Алдындағыұсынғанорындықшетінежасқанажайғасып,өзімді
таныстырдым. Тұрақты авторларының бірі мені ойланбастан есіне түсірді.
Журналистика факультетіне сырттай түскенімді айтып, енді орын болса,
жұмысқа алсаңыз деген тілегімді білдірдім.
-Университет берген құжатың бар ма? – деді редактор.
-Бар.
Жалма-жанкостюмімніңішкіқалтасынанстуденттікбилетіммен
сынақша кітапшамды қоса шығарып, редакторға ұсындым.
Ол кісі көз жүгіртіп қарап шықты да, жылы шыраймен жымия маған
құтты болсын айтты. Құжаттарымды қайтарып беріп тұрып, қазір редакцияда
бос орын болмай тұрғанын қынжылғандай райда білдірді, орын бола қалған
жағдайда қызметке алатынын айтты. Хабарласып тұр, жазып жүр деп сөзін
нықтады.
Жұмысқатұрақоймағаныммен,редактордыңкелешектеқызметке
аламын деген сөзіне риза болып ауылға қайттым. Жұрттың бәрі жұмыста,
қашанғы үйде бос жүре берейін, көп ұзамай қолыма айыр алып мен де
колхоздың тіршілігіне қосылдым. Жұмысымыз – шат шабу, шөп қоралау.
Күзде жапырағы түскен тікенекті жиде бұтақтарын қырқуды шат шабу дейді.
Сол шатпен колхоздың жаздай жинаған күде-күде шөбін жайылып жүрген
мал жеп қоймасын деп айнала көмкере қоралайды. Бұл жұмысқа оншақты
адам бөлінген. Солардың бірі болдым.


7
Екі аптадай жұмыс істедім, бір күні кешке жұмыстан келсем үйде
нағашым Құрманәлі Оразымбетов мені күтіп отыр екен. Шиеліге барыпты,
сонда танысы – редакцияда әйгілі тілші Сәфи Құрманаевты кездестіріпті.
Аман-саулық сұрасқан әңгіме арасында:
-Ақайдар журналист оқуына түсіп еді, редакцияға соққан екен, әзірге
бос орын жоқ, болса аламыз депті редактор Арысбаев, босаған орын жоқ па?
- деп сұрайды Сәфиден.
-Құреке, ол бала бір келді де қайтып соқпай кетті. Бір жас жігітімізді
әскерге алған. Сол орын бос, редактор Ақайдарды аламыз деп тосып жүр,
келсін, қайда жүр өзі,- дейді Сәфи.
Нағашымосынықуанаайтты.ЕртеңШиелігередакцияғабардеп
нығырлады. Бұл күн бейсенбі еді.
Ертеңіне жұмада Шиеліге редакцияға тарттым. Күздің салқыны түсіп
қалған кез еді. Үстімде күпәйке, қолымда тор қалтада газетке ораған іш
киімдерім,тағыанау-мынау.Ойымредакцияжұмысқаалыпжатса,
дүйсенбіден бастап шығатын болармын деп шамалаймын, содан монашаға
түсіп ауылға қайтпақпын.
Редактор Минер Арысбаев тағы да жылы жүзбен қабылдады.
-Оу, қайда жоғалып кеттің, бір жігітіміз әскерге алынды, сол орынды
саған ұстап отырмын,- деп үстемелеп айтып жатты. Әскерге шақырылған
әлдебір жас жігіт кейде бармай қалып қоятын да жәйт болып жатады. Мен
алғаш редакцяға жұмыс сұрап барғанымда әскерге шақылып жатқан жігіт әлі
кете қоймағандықтан, жақында орын босайды деп маған айта қоймағаны,
бірақ хабарласып тұр деп шығарып салғаны сол екен.
-Колхоздың жұмысына шығып, босай алмадым,- деп кінәлі адамдай
бүгежіктедім.
-Ондасолістегенжұмысыңнан,басқадакөргендеріңненборатып
хабарларжаз.Албүгінненбастапсенікорректорлыққызметкеаламыз,
айлығы – 65 сом. Менің атыма қызметке алу туралы өтініш жаз, үлгісін
хатшы көрсетеді,- деп бірақ кесті. Хатшыға дереу редакция қызметкерлерін
кабинетіне шақыртты.
Әп-сәттередактордыңкабинетінеоншақтыадамжиналакетіп,
жағалай орындықтарға жайғасты. Отырғандарға редактор мен таныстырды,
бүгінен бастап корректор етіп жұмысқа алатынын хабарлады.
-Е, бұл «Бульдозеристің» авторы ғой,- деді сопақ бетті, ашаң жүзді,
шашын артына қайырған жас кісі менің газетке шыққан суреттемемді аузына
алып, редактордың шешімін құптайтынын білдіріп.
Менің ол жазғаным осы кісінің қолынан өткен болды ғой. Тани кетім.
РедактордыңорынбасарыЗәкімЖайлыбаев.Олбұлқызметінедейін
аудандықкомсомолкомитетініңекіншіхатшысыболыпістеген-ді.Мен
мектепкомсомолкомитетініңхатшысыретіндеалдынабірнешерет
болғаным бар.


8
-Ақайдар «Қанат ұшса қатядыны» жазған, жаза біледі. Ол дүниесін мен
қарағанмын,- деп дөңгелек жүзді, шашы сиректеу, ақсары томпақ кісі де
қостай кетті. Бұл Тұрғанбек Кәрімқұлов деген аға әдеби қызметкер екен.
Басқалар жөн дегендей бас шұлғысты. Танысу осылай өтті, шешімі
ұжым тарапынан қолдау тапқанына редактор да риза. Мені өзі ертіп апарып,
отыратын кабинетімді, орнымды көрсетті. Екі адамдық ол кабинетте жылы
шырайлы, дөңгелек жүзді, дауысы сыңғырлай төгілген жас әйел отырады
екен. Ол ақын Мәриям Жұматова болды. Мәрияға корректорлық жұмысты
үйретуді тапсырды. Газет әуелде оны шығаруға дайындау барысында оқушы
қолына тиегеніндей тап-таза мұнтаздай бола қоймайды екен. Журналистер
жазғанмақалаларбаспаханағатеругежіберіледі.Әріптерушілерсол
мақалалардың әр әрпін қолмен теріп (ол кезде қолмен терілетін) дайындаған
газет беттерінде әріп қателер болып жатады. Корректор сол кездесіп қалатын
қателерді түзетуші екен. Түзетуші келген беттерді дауыстап оқиды, қасында
тыңдаушыәрбірматериалдыңтүпнұсқасынқолынаалыптыңдап,
салыстырып отырады. Бұрмаланып терілген, терілмей қалып кеткен сөздер
кездессе, соны айтып түзеттіреді. Сонымен, мен – түзетуші, Мәрия Апай –
тыңдаушы.
Аудандық газет аптасына үш рет – әр сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері
шығады. Таңертең кейде әлі бояуы кебе қоймай оқырман қолына тиетін газет
түнде басылады екен. Мен жұмысқа қабылданған жұма ертең сенбіде жарық
көруге тиіс газетті шығарумен шұғылданатын нағыз қауырт жұмыс күн
болып шықты. Бұл 1969 жылдың 24 қарашасы еді. Моншаға бару сенбіге
қалды.
Минер Арысбаевпен содан тура тоғыз ай қызметтес болдым. Ол 1970
жылытамыздыңсоңғыкүндеріқызметіненбосатылды.Оныңсебебін
редакция ұжымына газеттің егесі – аудандық партия комитетінен ешкім
түсіндіріпжатпады.МинерАғаЖаңақорғанғакөшкендеүйінежүгін
машинаға артуға көмекке редакциядан мені ғана шақырды. Көлік келгенше
бір-екі партия шахмат ойнап та үлгердік. Ойын арасында маған адамдармен
қарым-қатынас, журналистік әдеп жөнінде ақыл-кеңестерін айтып отырды.
Темекіні жиі тартты.
Қаншамұқияболуғатырыссақтагазеттекейдеқатекетіпқалып
жатады. Ол ұры бәле газет шығып, таралып кеткен соң байқалады ғой
қырсыққанда. Сондайда тәжірибесіздіктен кетіп қалған бірді-екілі кемшілігім
үшін түзетуші маған да, тыңдаушы Мәрия Жұматоваға да, кезекші болған
басқа қызметкерге де қатты кейіген емес. Мұқият болуға шақыратын да
қоятын. Күйіп-піспейтін еді. Осындай бай мінезі, кішіпейілдігі және сезіліп
тұратын білімділігі тәнті ететін. Адамға қамқорлығы болмаса, залалы жоқ
жан Минер Аға қапияда қаза болды деген хабар жеткенде қатты өкіндік. 1971
жылдың ақпаны Кеңес Одағы Коммунистік партиясы 24-съезінің қарсаңында
КСРО-ның 1971 – 1975 жылдарға арналған бесжылдық экономикалық даму
жоспарының директивалары деген аса көлемді құжатты аудандық газетке
дейін жариялатып, ол газеттің 8 бетін алып, оны теруге баспахананың қаріп


9
қоры жетіспей абыржып жатқан қауырт кез еді. Редакция мен баспахана
ұжымытүнделетіпсуықавтобуспенЖаңақорғанғабарып,көңілайтып
қайттық.
МинерАғаданосындайқамқорлықкөргенінбүгіндеҚазақстанның
құрметті журналисі, Шиелі ауданының құрметті азаматы, ақын Сәрсенбек
Бекмұратұлы да айтады. Сәрсенбек былай деп еске алады:
«Мектеп бітіре сала арманымдағы Қазақ мемлекеттік университетінің
журналистика факультетіне оқуға түсу үшін қабылдау комиссиясы талап
ететінқұжаттарғаШиеліаудандық«Өскенөңір»газетінешыққан
мақалаларымды қосып Алматыға тартып отырдым.Мақсатымжурналист
болу, ол үшін журналистика факультетіне түсуім керекдепбілемін. Бірақ
жолым болмады.Шиеліге келген соң өз үйімдейүйреніпкеткен«Өскен өңір»
газетініңредакциясынасоқтым,ағаларғажағдайымдыайттым.Газет
редакторыМинерАрысбаеведі.«Жасыма, ештеңе етпейді. Биыл болмаса
келер жылы түсесің. Бізде бір бос орын бар, жұмысқа кел. Қайта дұрыс
болады,шыңдаласың»депкөңілімдікөтеріптастадыМинерағажылы
қабақпен.
Минер Арысбаев білімді, білікті, талантты азамат еді. Жаңақорғанның
жігіті.Сынимақалалары,фельетондарыжәнесықақәңгімелерікеремет
әсерліболатын.Облыстық,республикалықгазет-журналдардааракідік
жарияланып тұратын. Корректор болып қызметке кірісіп кеттім.».
Тура менің басымдағы жағдай. Минер Ағаның осындай қамқорлығын
қалай ұмытарсың. Сол жылдары редактор Минер Рамазанұлы Арысбаевтың
басшылығыменШиеліаудандық«Өскенөңір»газетініңредакциясында
редактордыңорынбасарыЗәкімЖайлыбаев,жауаптыхатшыҚанапия
Дәрібаев,ауылшаруашылығыбөлімініңмеңгерушісіНағашыбек
Иманғалиев, еңбекші хаттары бөлімінің меңгерушісі Қамбар Құлпейісов, аға
әдеби қызметкер Тұрғанбек Кәрімқұлов, әдеби қызметкер Сәфи Құрманаев,
радио хабарын ұйымдастырушы Тұрсынбай Ахметов, фото тілші Сайдхасан
Хутаев, түзетуші,кейін радио хабарын ұйымдастырушы Мәрия Жұматова,
түзетушіСерікбайӘлжанов,есепшіМәрияИсаеваынтымақты,
шығармашылықпенеңбекетті.Автобазадажүргізушіболыпеңбекетіп
жүргенталанттыақын,біліміортаболсадаСерікбайӘлжановтыда
редакцияғақызметкеалғанМинерАғаеді.«Өскенөңірдің»алғашқы
редакторыДүйсенбіСмаиловқалыптастырған,МинарАрысбаев
орнықтарған, Зәкім Жайлыбаев жалғастырған ұжымның ынтымақты, қамқор
көңіл ауаны жайлы, шығармашылық ізденуге қолайлы болатын. Сол игі де
ізгідәстүрді бүгінде кейінгі толқын жақсы ұластыруда. Шиеліден шыққан
қаламгерлердің бәрі, солардың ішінде көрнекті ақын-жазушылар Оразбек
Сәрсенбай, Оразбек Бодықов, Қатира Жәленова, Серік Байхон, Қуандық
Түменбйтырнақалдышығармаларыәуелдеосыаудандықгазетте
жарияланып, қанат қаққандарын әрдайым айтты, айтып келеді.
Аудандық баспахана ұжымы – меңгерушісі Нағима Бәйменова, әріп
терушілер Сақып Өтегенова, Лиза Сүлейменова, Болған Сарбасова, Мәлике


10
Жүсіпова,ЖаңылӘбдірахманова,ПәтимаӘбдірахманова,Шәркүл
Дүйсебаева, Гүлжан Нұртаева, Райхан Ерімбетова, Гүлбарам Айтжанова,
баспашылар Тәңірберген Қалкөзов, Қуандық Мақашев, Серік Палымбетов
газеттіуақтылы,тартымды,көркембезендіріпшығарудыңбейнетін
редакцияменбіргекөрді.Бұлредакторменмеңгерушініңөзара
сыйластығының,іскерлігінің,қарауындағыадамдарғақамқорлығының
арқасы еді.
Мен «Өскен өңірде» 1972 жылдың шілде айына дейін әуелде түзетуші,
сосын әдеби қызметер болып екі жарым жылдан астам уақыт істеп, еңбек
көрігіндешыңдалдым.Журналистикафакультетініңкүндізгібөліміне
ауысып, оқу бітіген соң қызметім Алматыда жалғасты. Қазақ теледидары
(қазір «Қазақстан» телеарнасы), «Социалистік Қазақстан» (қазір «Егемен
Қазақстан») газетінің редакциясы, Парламент, Үкімет, Әділет министрлігі
аппараттарында,«ҚазМұнайГаз»ұлттықкомпаниясысаласындақызмет
еткен жылдарымда орта мектепті жаңа бітірген балаң мені «Өскен өңірдің»
еңбек көрігінде пісірген редакторлар Минер, Зәкім, басқа да қаламгер ағалар
аялы қамқорлығын ешқашан ұмытқан емеспін. «Өскен өңірде» құрыш болып
шынығу жоғары органдарда жауапты қызметтер атқарған кездерімде менің
жүктелген міндеттерді кібіртіктемей көзін тауып бірден алып кетуіме үлкен
септігінтигізгенінәрдайымризалықпенайтыпкелемін.«Өскенөңір»
мамандар шыңдаудың ұстаханасы еді. Ал сол ұстаханының бас бапкері
МинерАрысбаев,ЗәкімЖайлыбаев,тәлімгерлерібасқадаағайлармен
апайлар болды.
МинерАғатуралыосыестелігімҰстазымакөрсеткенқұрметім,
ризашылығым.
Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ


04 қыркүйек 2024 ж. 393 0