№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: ҚАНДАЙ БИЗНЕС ИЕДЕЯЛАР ҚОЛДАУ ТАПТЫ?

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: ҚАНДАЙ БИЗНЕС ИЕДЕЯЛАР ҚОЛДАУ ТАПТЫ?


Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден бір жолы – азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни жаңа бизнес идеяларды іске асыру екені даусыз. Осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беріліп келеді. Биыл екі лек негізінде адамның кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында қайтарымсыз грант беру науқаны өтті. Осы жолы қандай бизнес идеялар қолдау тапты? Талапкерлердің жиі жіберетін қателігі қандай? Осы сұрақтар төңірегінде білікті мамандардың кеңесін тыңдаған едік.
Еліміздегі айтулы оқиғаларға орай биылғы жылы қайтарымсыз қаржы алушылар екі лекпен ғана топтастырып қарастырғанымен өтініш берушілердің тең жартысы қомақты қаражатқа ие болды. Бұл туралы Мансап орталығының басшысы Жаңабек Тұрлыбеков тарқатты. – Биылғы жылы грант ережесіне сай 2 лекпен талапкерлердің өтініштері қаралды. Бірінші лекте 163 өтініштің 82-і қолдау тапты. Екінші лекте 193 өтініш келіп түсті. Бірнеше күннен соң қорЫтындысы анықталатын болады, – деді ол.
Бизнес-идеяны жүзеге асыру мақсатында қайтарымсыз несиеге алушыларға мынадай талап қойылды. Біріншіден, жұмыссыз және соңғы үш жылдан аспаған мерзімде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуыңыз шарт. Өтініш берушілер көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, «қандас» мәртебесі бар адамдар, аз қамтылған отбасы, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, мүгедекті тәрбиелеуші санатындағы тұлғалардан болуы тиіс. Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатының үш жылдан аспаған мерзімде болуы да негізгі шарттардың бірі.
Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыруға бағытталған өтеусіз негіздегі несиенің биылғы жылға жоспарланған жалпы сомасы 400 айлық есептік көрсеткіш негізінде 1 476 800 теңгені құрады. Жалпы, ауданымыз бойынша 2024 жылғы қайтарымсыз несиеден үміт еткендердің елу пайыздан жоғарысы мал шаруашылығы және мал бордақылау кәсібін негізге алып, осы салаға байланысты жеке бизнес жоспарларын ұсынды. Десек те, бұл саланы басты бағытқа алғандардың қатарында қайтарымсыз несиені жеңіп алғандар жоқтың қасы. Өйткені бұл жоба бойынша өткен жылдары грант алғандар көп болды. Бизнес жоба қорғаушылардың қатарында ерекше бағытты қолға алған азаматтар да болды. Айрықша атап өтсек, «Гидромассаж», «Гидропоника», «косметология» секілді бұрын соңды қорғалмаған кәсіп түрлері талқыға түсті. Сондай-ақ, «Клинингтік қызмет көрсету» орталығы, «Массаж» кабинеті, «Ментальді арифметика» орталығы, «Евро жөндеу» орталығын ашуға талпынғандар елді елең еткізері рас. Бизнес идеяларды қорғаушылар арасында өз брендтерін қалыптастырғысы келетін үміткерлердің де жобасы қаралды. Мәселен, «Хабиба» майлы құртын өндіруді бастап жатқан кәсіп табысқа кенелтетіні анық. Бизнес жобаны қорғаушы заман талабына сай құрт құрамын түрлендіруді қолға алыпты. Тарқатып айтсақ, жалбыз құрты, шие құрты, қызылша құрты сыйлы қонаққа ұсынар тамаша дәм-тұз болары анық. Осы секілді ата кәсіпті заманауи келбетке айналдырып, жаңа өнімдер қалыптастырып жүрген жерлестер жетерлік. «Сары майдың асортименті», «Қойдың құрты», «Ешкінің сүті», «Қымыз», «Салқын көже» секілді бизнес жобалардың бары әлеуметтің кәсіпке бейімделе бастағанынан хабар беретіндей. Биылғы бизнес жоба қорғаушылар арасында автосервистік орталық ашуды көздеген жастар қарасы көп болды. Расында, ауданымызда 11296 көлік ресми тіркелген болса, мұндай бизнес түрлері халық сұранысына ие екені даусыз. Сондайақ желімдеу орталығы, химиялық тазарту, автомойка кәсібін ашуға құштар азаматтар бағын сынады. «Бәрін айтта, бірін айт», бизнес идеялар қорғаушылар қатарында өзге мақсатты көксегендердің болғаны көңілге қаяу түсіреді. Мәселең, бір үйден бірнеше адам алғысы келетіндердің іс-әрекетінен мемлекет қаржысына жауапкершіліктің төмендігі аңғарылады. Ағайындылар арасындағы тартысты жағдайларға куә болдық. Тіпті бір ерлі-зайыптылардың мемлекет көмегін өз аттарына рәсімдеу жөнінде комиссия алдында тартысып тұрып алды. Мұндай отбасылар қалай кәсіп дөңгелетпек? Талқыға түскен бизнес жоспардың көбі қате жазылуы да іскер азаматтың қолын байлайды. Жасыратыны жоқ, көпшілік арасында өз кәсібінің бизнес жоспарын сауатты жазуға қабылеті жете бермейтіндер бар. Олар компютерлік орталықтарда жаздырып, әрі электронды қолтаңба арқылы онлайн өтініш береді. Өзінің сауаты жете бермегендіктен кейбір қателіктерді аңғара бермейді. Соның салдарынан бизнес жоспарда кәсіп иесінің аты-жөні қате жазылуы, мерзімнің дұрыс көрсетілмеуі, қаржы есебінің қателігі секілді жайсыздықтар орын алады. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбаев жобаға қатысушылардың жиі жіберетін қателіктерін тізіп берді. – Бизнес жоспар деген бизнес-идеяның қаптамасы. Ол әдемі, ұнамды, ішіндегі ақпараты нақты, мәтіні түсінікті болуы керек. Мәтін жазғанда ғылыми терминдерді көп қолданбаған абзал. Бизнес жоспар дайындағанда 4 негізгі назарға алу керек: көпшілікті қызықтыру, маркетингтік немесе сату жоспары, қаржылық көрсеткіш пен тәуекел. Сонымен қатар мемлекет тарапынан қаржыландыру берілетін болса, бизнес-идеяның әлеуметтік-экономикалық негіздемесі көрсетілуі керек, – деді ол. Шындығында, 2019 жылдан бері осы қателіктер әлі де тиылмай келе жатқаны көпшіліктің қайтарымсыз қаржыны қалай алу керектігі жөнінде толық сауатының жоқтығын білдіреді. «Біреудің дайындап берген жобасын» тым құрыса бір рет оқып шығып, есім-сойының дұрыс жазылғанына мән беруге болар еді. Қысқасы, қайтарымсыз қаржы игеруге де сауаттылық пен салмақты жауапкершілік керек екенін тағы да бір ескерткіміз келеді.

Мақпал Пәтенова

03 қыркүйек 2024 ж. 392 0