Қорқор тартып қор болма
Қазіргі таңда өзекті мәселелерінің біріне айналған қорқор, яғни кальянның қаншалықты зиян екені көпшілікке мәлім болса да, оны қолдануларын әлі де тоқтатар емес. Кейбір жастар бұны есеюдің көрінісі десе, енді бірі қызық көріп, сән ретінде пайдаланады. Содан болар, қандай да бір мейрамханаға кіре қалсаңыз кальян шегіп отырған қыз-жігіттерді кезіктіретін болдық. Тіпті бір-бірімен жарыса шегіп, түтіні мен иісіне еліте тусуі көңіл шошытады. Темекі шегудің экзотикалық – түрі қорқордың атауы бүгінде танымал. Себеп қандай? Көбі қорқордың темекіден гөрі зияны аз, оның үстіне романтикалық сән санайды. Қорқордың сыртындағы «никотині жоқ» деген сілтеменің маркетингтік айла екенін де екінің бірі білмейді. Ғалымдар мен дәрігерлер қорқордың зияны жайлы айтып, дабыл қағуда. Тек осыны сана сүзгісінен өткізіп, қорытынды шығару жағы төмен болып тұр.
Қорқорды зерттеген мамандар құрамында адам денсаулығына өте зиянды JWH-018 деген есірткіге ұқсас заттың бар екенін анықтаған. Ең өкініштісі де сол, бұл заттар біздің елімізде тиым салынған психотропты заттар қатарына жатқызылмайды. Яғни, оны емінеркін саудалауға болады деген сөз. Зиянды ұнтақтар Ресейге басында Ұлыбританиядан жеткізілген екен. Ал қазір негізінен Қытайдан әкелінетін көрінеді. Олардың құрамында JWH-018, JWH-027, JWH-073, JWH-200 деген каннабиноидты синтетикалық заттар бары белгілі болып отыр. Тіпті, осы күні көптеген адамдар қорқорды көңіл көтерудің жақсы жолы деп біледі. Біздің ауданымызда да арнайы көңіл көтеру орындарынан бөлек, жеке үйлердің өзінде арнайы тапсырыспен дайындайтындар бар көрінеді. Жап-жас жігіттердің түтінін будақтатып кальян шегіп отырғанын көргенде көңіл құлазиды. Тіпті, жасөспірім жеткіншектер де қалысар емес. Шындығына келер болсақ, табактың қандай түрін алып қарасақ та олардың барлығында жүйкені улайтын никотин болады. Никотин шегетін ағзаның қалауын толық қанағаттандыру үшін, адамға 20-80 минут қорқор тартуға тура келеді. Бір сағат қорқор тартқан адам, бір темекі тартқан кездегіден 100-200 есе артық түтін жұтады.
Сондай-ақ оның өкпесіне, никотин мен зиянды заттардың аз болғанына қарамастан, тұншықтырғыш газ көп мөлшерде түседі. 45 минут бойы қорқор шеккен адам тұншықтырғыш газды, бір қорап шылым тартқан адамнан көбірек жұтады. Оны тарту кезінде көбірек күш жұмсауға тура келгендіктен, түтін өкпенің терең тұстарына кіріп кетеді екен. Қорқордың құрамында никотиннен басқа, адамның геніне кері әсер ететін бензопирен деген улы зат бар. Бензопирен – адам ағзасында қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал етеді. Әлемдік тәжірбиеде Еуропа мем¬лекеттері қорқорға қатысты бір бағытты ұстанған. Мәселен, Англияда қоғамдық орындарда шылым тартуға және қорқор шегуге 2007 жылы тыйым салынған. Бұл тәртіпке бағынбағандарды 2,5 мың фунт көлемінде айыппұл төлейді. Францияда мұндай тәртіп 2007 жылы, ал Эстония мен Финляндияда 2008 жылы белгіленген. Сондай-ақ Бельгия, Кипр, Литва, Испания, Словения сынды бірқатар елдерде белгілі бір қонақүйлер мен мейрамханаларда қорқор тартуға тыйым салынған.
Қазақстанда да қоғамдық орындарда темекі тартуға тиым салынған болатын. Алайда заңда «қорқорға арналған табак» деген арнайы тараудың болмауы бұл зиянды әдетке әуестерді ауыздықтауға дәрменсіздік туғызып, кальянның дәуренін жүргізуде. Оған тыйым салу туралы қоғамдық ұйымдар қанша жар салғанымен, әзірге баяғы жартас – сол жартас. Қорқордың қарапайым темекіден айырмашылығы оның иісі жұмсақ және жағымды. Сонысымен де ешқашан темекі тартпаған адамдарды қызықтырады. Зерттеушілердің анықтағаны сол, қорқорды тартып көрген студенттердің 22 пайызы ешқашан темекі тартпаған екен. Жалпы мұндай хош иіс беріп тұратын зат әр түрлі шөптерден жасалған ұнтақ, оны темекі сияқты тартады. Ерте замандарда микстерді бөлме ішін хош иістендіруге арнап жасаған. Алайда жақсының бәрін иіскеп, дәмін татып көруге дағдыланған кейбір азаматтар оны тартып та көрген. Сөйтсе олардың әсері есірткінің әсерінен кем түспейтін болып шығады. Міне, содан бастап адам¬зат арасында микстерді де темекі сияқты тартатын әдет қалыптасқан. Бұл микстердің құрамына әртүрлі шөптесін өсімдіктермен қатар түрлі синтетикалық заттар болады. Олар микстерге есірткі әсерін береді. Микс өндірісінің орталығы – Голландия. Ол жақтан түрлі-түсті қаптамаларда оралған қоспалар бүкіл әлемге таралады. Алғашында шөптен жасалған ұнтақтар дәрігерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ешқандай күмән туғызбаған. Дегенмен бұл заттарға деген сұраныстың күн санап артуы оларды алаңдата бастапты.
Қорқор – жұқпалы дерттің көзі
Кәсіпкерлер кез келген ойын-сауық орындарының, мейрамханалардың табысының 20 пайызы қорқор сатудан құралатынын айтып отыр. Ай сайын Қазақстанға 10 тонна қорқор шегуге арналған қоспа импортталады екен. Қорқор қоспасының бір келісі – 1990 теңге. Қазақстан бойынша қорқор қызметін ұсынатын бес мыңға тарта ойын-сауық орны бар. Олардың әрқайсысында қорқор қайнатып дайындайтын 3-4 адам жұмыс істейді. Бұл қаншама жастың санасын, денсаулығын қорқор улап жатқанын көрсетеді. Табактың қандай түрін алып қарасақ та, бәрінде жүйкені улайтын никотин болады. Никотин шегуге дағдыланған ағзаның қалауын толық қанағаттандыру үшін адамға 20-80 минут қорқор тартуға тура келеді. Әдетте қорқорды бірнеше адам болып шегеді, яғни қорқордың сору түтігін бірнеше адам пайдаланады. Гигиеналық тұрғыдан бұл өте зиян. Сілекей арқылы таралатын гепатит, зең, туберкулез сияқты инфекциялық аурулардың жұғуына ықпал етеді. Қорқор шегетіндер шекпейтін адамдарға қарағанда спирттік ішімдіктерге де әуес келеді. Екі зиянды нәрсені қатар тұтынған ағза қандай күйге душар болатынын иесі ойлап жатпайды, әрине.
Қорқор қазақстанға қашан келді?
Біздің елімізге қорқордың қашан келгенін нақты айту қиын. Алайда Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» деген романында мынадай сөздер кездеседі: «Бұл қалада бәрі де әдеттегідей, анау бөдене соғыстырған топ та, әне, анау қорқор тартып, геджак тыңдап отырған мырзалар да... Бәрі де күндегі салтында». Романға қарап, қорқор біздің елімізде де бұрыннан келе жатқан жаман әдет екенін түсінуге болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда қорқордың танымалдылығы артуда, бұрынғымен салыстырғанда таралу денгейі де көбейген. Арнайы қорқор клубтары да жұмыс жасауда. Сондай-ақ дүкендер мен интернет сайттар қорқорды жарыса жарнамалауда. Қазіргі уақытта қорқорды қоғамдық орындарында тартуға тиым салу жөнінде заң қаралуда. Мүмкін, осы заң қабылданып, келешекте салауатты өмір салтын ұстанған ұрпақ тәрбиелейміз деген сенімдемін. Сонда ғана қорқор тартып, қор болып қалғандар саны азаяр деп ойлаймын. Ең алғаш қорқор Үндістанда пайда болып, содан кейін бүкіл мұсылман еліне тараған деседі. Ол XIX ғасырда Еуропаға танымал болып, сәнге айналды. Әр халықтың қалауы бойынша оны әр түрлі атайды екен. Мәселен, Албанияда – «лула», Румынияда – «трубка», Өзбекстанда – «чиллим». Бірақ, оныңи баршаға мәлім ортақ атауы – «кальян». Қорқорды көбіне, шетелден сувинир ретінде алып келеді. Бірақ, оны көрген адам өз-өзін ұстай алмай қалады.
Міне, олар осылай алданып оған тәуелді болады-мыс.
Барлыбай Аружан Талғатқызы