№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ерлі-зайыпты екі айырылды№ Неге?

Ерлі-зайыпты екі айырылды№ Неге?

Мәңгілікке қол ұстасып, жұп боламыз деп серттескен жұбайлардың жыл айналмай бір-біріне жат болып, екі айырылуға дейін баратын жағдайларға жиі куә болып жүрміз. Ерлі-зайыптының екіге айрылғаны ешкімді таңқалдырмайтын да болды. Оған не себеп? Қоғам ба, әлде адам ба?
Қазақ қашанда отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қойған. Шаңырақтың шайқалмауы жолында түрлі әдістерді пайдаланып, ерлі-зайыптының татулығын қатаң бақылаған. Десе де, өмір болған соң түрлі оқиғалардың орын алып жататынын жасырын емес. Салдарынан, жанұлардың шырқы бұзылып, екіге айрылып жатыр.
Аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Эльдар Рысқұловтың айтуынша, биылғы жылдың алғашқы 6 айында 46 азаматтан ажырасуға арыз түскен.
– Жалпы, ажырасушылар санының көбеюінен біраз мәселе туындайды. Некенің бұзылуынан тағдырлар бүлініп, қаншама шаңырақ ортасына түсіп жатыр. Ерлі-зайыптылардың екіге кетуі ең алдымен балалар тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Баланың психологиясына әсер етеді. Бірінші ата-ана осыны ойлауы керек. Сонемен қоса, ажырасудың соңы сот жұмысының жүктемесінің артуына да ықпал етеді. Өйткені, отбасының бүлінуі тек арыз жазумен, ажырасумен бітпейді. Алимент өндіру, баламен кездесу уақытын белгілеу, баланың тұрғылықты жерін анықтау, ортақ мүлікті бөлу секілді түйткілдің бәрі тек сот арқылы шешіледі. Біздің ауданда да отбасын ойрандап, шаңырағын шайқалтып жүрген азаматтар бар. Олардың саны жыл санап артып келеді. Бұрындары ажырасқысы келетін жұбайларды алдымен медиация арқылы қайта татуластыруға мүмкіндік бар еді. Қазір ол жойылған. Ажырасушылардың ісі тікелей Қызылорда қаласында қаралады. Биыл аудан бойынша 46 азаматтан ажырасуға арыз түсіп, 25 неке бұзылды. Ерлі-зайыптылардың екі жұбы қайта мәмлеге келіп татуласты. Қалған 18 некенің мәселесі әлі қаралып жатыр, - дейді Эльдар Рысқұлов.
Оның айтуынша, отбасы ажырасып, соттың шешімі шыққаннан кейін іс сот орындаушыларына жіберіледі. Одан әрі төленбей жатқан алиментті сот орындаушылары өндіреді. Сонымен қатар, кезкелген әйел некесіз туған баласына да әкесінен алимент өндіре алады. Ол үшін әкелікті анықтайтын сараптама жасалса болғаны. Бүгінде ана мен бала құқы заңмен қорғалған. Әсіресе, баланы қамқорлықсыз қалдырған ата-анаға міндетті түрде жаза тағайындалады. Естеріңізге салсақ, 16-маусымнан бастап жаңа заң күшіне енді. Ол отбасын қорғауға бағытталған және әйелдер құқықтарын, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.
Енді отбасына әлімжеттік көрсететіндердің заманы келмеске кетті. Өйткені жаңа заң “үй батырларының” қателіктерін кешірмейді.
– Неке бұзылған уақытта мүлікті бөлу мәселесі оңай емес. Мүлікке байланысты жанжалдар көп болады. Мысалы, осы мәселе бойынша Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы О-ның жауапкер Б-дан ортақ мүлікті бөлу туралы талабымен азаматтық іс қаралды. Сотта және іс құжаттарында анықталғандай, тараптардың некелері 2015 жылғы тіркелген, араларында жасы кәмелетке толмаған 3 баласы бар. Ерлі-зайыптыларға Жаңақорған кентінде орналасқан үйі сатып алу-сату шарты негізінде тиесілі. Жаңақорған аудандық сотының шешімімен тараптар арасындағы неке бұзылған. Талап қоюшы ортақ мүлік үйді 4 000000 теңгеге сатып алғандарын, өзінің кәмелетке толмаған балалары болуына байланысты үйді өзінде қалдырып, жауапкерге ақшалай үлесін бөліп беруді сұраған. Бірақ, жауапкер жазбаша пікірінде талап қоюды мойындамай, ортақ мүлік болып табылатын даулы тұрғын үйден елу пайыз үлесін талап еткен.
Осы ретте, ҚР Азаматтық кодексінің 115, 116 және 191-баптың 2-тармағына сәйкес ерлi-зайыптылардың қайсысының атына сатып алғанына немесе ерлiзайыптылардың қайсысының ақша салғанына қарамастан, АК-нің 223-бабына сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған кез келген жылжитын және жылжымайтын мүлiктерi, бөлуге жататын бiрiккен ортақ меншiк болып табылады. Сотта анықталғандай, 2020 жылдың 17 маусымдағы сатушы А мен сатып алушы О және жұбайы Б. арасындағы сатып алу-сату келісім шартынан іс бойынша тараптар Жаңақорған кентінде орналасқан жер телімін сатып алғаны анықталды. Аудандық соттың шешімімен талап қоюшы О-ның талап қоюы қанағаттандырылып, ерлі зайыптылардың ортақ меншігіндегі үйі талап қоюшы О-ның иелігінде қалдырылды және талап қоюшы О-дан жауапкер Б-ның пайдасына осы үй үлесінің ақшалай өтемі 2 703 961 теңге өндірілді, – дейді Эльдар Рысқұлов.
Айта кетейік, отбасын ойрандамайтын, бірақ жауапкершіліктің барлығын әйелінің мойнына іліп қоятын бөріктілерге де тойтарсы беретін заң барын естен шығармаған абзал. Отағасының қисық қылығын аңғарған кез-келген әйел шаңырағын шайқалтуға асықпай, ер азаматтың ең алдымен әке екенін есіне салу мақсатында әр баласына алимен өндіра алады.
– Жалпы, кез келген ана егер жолдасының балаға деген жауапкершілігінің төмендеп, қаражатын өзге мақсаттарда жұмсап, отбасына табысын әкелмейтін болса немесе осыған ұқсас жағдайларды аңғарса, некесін бұзбай-ақ, әкесінен әр баласына алимент төлете алады. Ал некесі бұзылған отбасы сот шешімімен алимент төлейтін тарапты анықтайды. Ер адам жұмыс істейтін болса, бір балаға оның жалақысының төрттен бір бөлігін, екі балаға үштен бір бөлігін, үш не одан көп балаға екіден бір бөлігін төлейді, – дейді аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Бибайым Нәлібаева.
Бала дүниеге келген соң түрлі пиғыл танытып, жауапкершілік жүгінен қашып, өз баласын өгейсіретіп, ажырасқаннан кейін де алимент төлеуден қашатындардың жөні бір бөлек. Бұрындары борышкерлердің қарызы жиналып, көбейіп тұратын болса, қазір ондай кешірім жоқ. Жауапсыздық танытқандар заң аясында жауапқа тартылады.
– Бүгінде аудан бойынша менің қарамағымда 313 борышкер бар. 209 борышкердің жұмыс орнына алиментті өндіру жөнінде хабарлама жіберілсе, 35 азамат өз еркімен төлем жасауда. Сонымен қатар, 3 борышкердің көлік жүргізу құқығы уақытша тоқтатылды. Ал, биылғы жылдың 6 айында 32 іс қаралып, оның 29-ы жаңа заң жобасының қабылдануына байланысты орындауы кері қайтарылды. Осы 29 істің 15-і өз еркімен саналы түрде алимент төлеуге келісті. Ал, 69 азамат әкелік міндетінен қашып, алименттен жалтарып жүр, – дейді Қызылорда облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Нұрсәуле Мейірбекова. Оның сөзінше, заңдылыққа сәйкес биылғы жылдың басында жұмыссыз азаматтың табысы орташа есептік айлық көрсеткіш бойынша 393 605 теңге болып есептеліп, борышкер бір балаға табысының 25 пайызынан алимент төлеуге міндеттеледі. Екі балаға – 33 пайыз болса, үш немесе оданда көп балаға 50 пайыз төлеуге міндетті. Ал, жұмысы бар азаматтарға айлық табысының белгілі бір пайызы есептеледі.
Мәліметтерге сүйенсек, елде қиылған некелердің үштен бірі ажырасумен аяқталады екен. Осыдан-ақ қанша баланың жетім, қанша қаракөздің жесір қалатынан, қанша сәбидің өгей өмірден өзегі талатынын елестете беріңіз. «Торғай жауын жауса – балапанын қорғайды, бұршақ жауса – өз басын қорғайды», – демекші, қоғамда бауыр еті баласына қорған болмақ түгілі, қара басына ие бола алмай жүрген жауапсыздықтың жиі көрініс беруі көңілді қынжылтады, өзекті өртейді. Осы орайда, ес жиятын, ерге тән мінезді, әдет-дағдыны төбеге көтеретін кез жеткен тәрізді.

Айсұлу Алданазар

03 шілде 2024 ж. 130 0