№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Несеп-жыныс жүйесі ауруларына оталар МӘМС аясында қолжетімді

Несеп-жыныс жүйесі ауруларына оталар МӘМС аясында қолжетімді

Әрбір адам несеп-жыныс жүйесінің ауруларына тап болады. Ерлерде жиі кездесетіндердің бірі – қуық асты безінің аденомасы, әйелдерде - инконтиненция. Осы және басқа сырқаттар «Medium» урологияжәне андрологиямедициналық орталығында МӘМС аясындатегін емделеді.
Қызылорда қаласының тұрғыны Ғалымжан Әбілдаев емхана дәрігерінің жолдамасы бойынша келді. 57 жастағыер адамға қуық асты безінің аденомасы диагнозы қойылды. Науқасқаота жасалды, барлығы сәтті өтті.
«Емдеуге жатқызу бюросының порталы бойынша емхана осы медициналық ұйымға жолдады. МӘМС аясында ота жасалды, қазіремделіп жатырмын. Дәрігерлергемың алғыс»,- дейдіҒалымжан Әбілдаев.
Урология және андрологияорталығында МӘМС аясындатүрлі оталартегін жасалады. Мысалы, туа біткен крипторхизм (баланың іштегі дамуы кезіңде ендердің біреуі немесе екеуі ұмаға түспей қалуы), гидроцеле (ұманың қуысында сұйықтық жиналуы) немесе гипоспадия (уретраның дамымауы) болса. Әйелдерге дәрет ұстай алмаған жағдайда хирургиялық араласужасалады. Обструктивті азооспермия (бұл ұрпақты болу арнасындағы бітелу салдарынан сперматозоидтың шыға алмайтын жағдайы) диагнозы қойылған ерлерге оталар қолжетімді.
«Оталар аз инвазивті, бұл тіліксіз, кішкене тесіктер арқылы жасалатын хирургиялық оталар. Біз оларды соңғы үлгідегі жабдықты пайдалана отырып жасаймыз. Қуық асты безінің аденомасы кезіндегіотаның құны – 330мың теңге,бүйректегі кистаны алып тастау – 800мың теңге.МӘМС жүйесіаясында сақтандырылған пациенттерге диагностика, емдеу жәнеоталар тегін жүргізіледі. Жыл сайынәлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан біздіңклиникаға шамамен 170млн. теңге бөлінеді», - деді «Medium»урология және андрологияорталығының директоры ОлжасБайтуреев.
19 маусым 2024 ж. 191 0