Жырға жасырынған жылдар сыры
«Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» – деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам», – деп қазақ қызының бейнесін сөзбен көркемдеген Исрайл Сапарбайдың туындысы қазақ өлеңдері ішіндегі шоқтығы биік шығармалардың бірі де бірегейі. Өнбойы терең сырға толы, сұлулық пен биязылық, батылдық пен намысшылдығы қатар өрілген қазақ аруының қадір-қасиетін қара өлеңге сыйғызған туынды әлі күнге дейін өз биігінен түскен емес. Салмақты сөздің ойлы сазбен үйлесім тапқаны үлкен жетістік. Десе де Рамазан Тайманның осы ғажайып туындысы желтоқсан оқиғасының құрбаны болған Ләззат Асанованың рухына арналғанын бірі білсе, бірі білмейді.
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» – деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам», – деп қазақ қызының бейнесін сөзбен көркемдеген Исрайл Сапарбайдың туындысы қазақ өлеңдері ішіндегі шоқтығы биік шығармалардың бірі де бірегейі. Өнбойы терең сырға толы, сұлулық пен биязылық, батылдық пен намысшылдығы қатар өрілген қазақ аруының қадір-қасиетін қара өлеңге сыйғызған туынды әлі күнге дейін өз биігінен түскен емес. Салмақты сөздің ойлы сазбен үйлесім тапқаны үлкен жетістік. Десе де Рамазан Тайманның осы ғажайып туындысы желтоқсан оқиғасының құрбаны болған Ләззат Асанованың рухына арналғанын бірі білсе, бірі білмейді.

«ҰҚҚ адамдарының алқымдағаны бар, бір жағынан ұрлықшы атануым осының барлығы мені шаршатты. Өзімнің ақ екендігімді дәлелдеудің, айналамдағылардың кінәсіз екенін көрсетудің жалғыз жолы осы» – деп қағаз қалдырған Ләззат өлімінің соты бірнеше жыл өткеннен кейін болды. Рамазан Тайманов куәлік етіп, «желтоқсан құрбаны болу үшін алаңда өлім құшу шарт емес, адалдықпен өлім құшқан нағыз құрбан осы ару» – деп өз пікірімен құрметін көрсетіп, сотта жеңуге бірден-бір себепкер болды.
1987 жылы халықаралық Қыздар педагогикалық университетінде Нұрлан Өнербаевпен болған кездесуде әнші «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» өлеңін оқыды. Кездесу кеші біткеннен кейін Рамазан Тайманов Нұрлан Өнербаевпен жолығып, өлеңді кім жазғанын сұрап, Ләззат Асанованың рухына арнап ән жазбақ екендігін, әнді жазуға жан жүрегімен осы өлеңді қалап тұрғанын айтады. Алғашқыда «Желтоқсан оқиғасынан кейінгі ой» деген атпен шыққан өлең кейін «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деп өзгертілген болатын. Әннің Ләззат Асанованың рухына арналып жазылғандығы Рамазан Таймановтың 2005 жылы «Қазақстан Қызылорда» телеарнасына берген сұхбатынан кейін мәлім бола бастаған.
Ел-жері үшін жан қиған қазақ қызының рухты бейнесімен үйлесім тапқан әуезді әннің сөзін жазған Исрайл Сапарбай ағамыз бір сұхбатында:
- «Желтоқсан көтерілісі» кезінде орталық алаңға шықтық. Сол кездегі қазақ қыздарының өжеттігі мен қайсар болмысы менің ақын жүрегімді оятып, шабытымды тулатты. Жан-жағымыз алай-дүлей болып, көк мұздың үстінде шашынан сүйретілген қыздардың жанары қазақ қызына тән батырлықты көрген сәтімде санамды отты ұйқастар тілгіледі. Оқиғаға қарсылық танытып, қарулы күшке нәзік болмысында жасырынып жатқан қайсарлықпен қарсы тұрған қыздар жігіттерге рух берді. Жиырма бес мыңнан астам жастың ішінде мен де болдым. Сірескен әскерилерден әзер босап, үйге жете сала көңілді толғантқан қоңыр дүниемді қағазға түсірдім.
Бұл бойымдағы «Мен қазақпын» деген асқақ рух оянған сәт болды. Бүкіл алпыс екі тамырымда намыс оты бұлқынып, өз ұлтымның мұратына қызмет етудің нағыз бақыт екенін ұққандаймын. Ән таралып, таныла бастаған тұста «Неге ер-азаматтарды дәріптемедің?» деп сөккендер де табылды. «Қыздарды батыр етіп, ұлдарды ез етіп жырлапсың» деп келеке еткендер де жүр қазір. Шындығында, бұл ән мұншалықты тез таралып, танымалдылыққа ие болады деп ойламадым. Ұққаным,Тұмар ханшайым,Әлия мен Мәншүктің болмысы бүгінгі қыз-келіншектердің бойында сөнбеген екен. Көпшілігіміз мұны ескермей жүр екенбіз. Нәзік болмыспен жасырынған күш қуаттың буырқанған бет-бейнесін өз көзіммен көріп, текті халықтың тұқымын құрсағында тербеген қаракөздеріміздің рухы сынбағанына толық сенімді болдым. Біз соларды дәріптеп, ел аналарының жолын үлгі етсек ұтарымыз мол», - деген екен.
Бар сыры жанарына жасырылған ақ маңдай арудың құпиясын жүрекпен ұғынып, ән-жырмен, өлең-сөзбын мен сазгердің бұл туындысына елдің берер бағасы бөлек. Өткеніміз бен бүгінімізді сабақтастырып, тарихи оқиғаға орай туынды мен әуезді әуенді үйлестіріп, дәріптеген әннің шығу тарихы осындай. Өткен күннің өнегелі өсиеті де осы.
Жәмила ЕРМАХАН