№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ғылыми жобалар көрмеге қойылды

Ғылыми жобалар көрмеге қойылды

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Нұр себеле, Наурыздың ұлы күні» атты мерекелік шараның кезекті көрмесі ғылыми жобаларға арналды. Көрмеге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу мақсатында оқытушы-ғалымдары мен студенттері дайындаған гранттық және халықаралық үздік ғылыми жобалар қойылды.
Олардың қатарынан Қорқыт Ата Қызылорда университеті Археология және этнография ғылыми орталығы VII-XI ғасырда Жанкент қалашығынан табылған керамикалық қыш ыдыстар да орын алды. Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығының косметикалық химия бағытындағы жобалары, Физика-химиялық талдау әдістері инженерлік бейіндегі зертхана Күріш қалдықтарынан жасалған жаңа өнімдерін ұсынды. Компютерлік ғылымдар кафедрасының робот техника үйірмесінің жобалары асқан қызығушылықпен қаралды. “Аграрлық технологиялар”кафедрасының Африкалық тарының жоғары өнімді сорттарын өсіру туралы жобасы көрмедегі жобалар қатарын толықтырды.
23 наурыз 2024 ж. 36 0