Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 15 наурыз Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні «Тұтынушылар үшін әділ және жауапты жасанды интелект" ұранымен өтеді

15 наурыз Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні «Тұтынушылар үшін әділ және жауапты жасанды интелект" ұранымен өтеді



Өздеріңізге белгілі, Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтары күні жыл сайын 15 наурызда атап өтіледі. Жыл сайын Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні белгілі бір ұранмен өткізіледі, бұл тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ең проблемалы бағыттарына назар аударуға мүмкіндік береді:
Мәселен:2023 жылы - Таза энергияға көшу арқылы тұтынушылардыңмүмкіндіктерін кеңейту"деп жариялады.
Осы жылы жұртшылықты жасанды интелектке назар аударуға шақырды, сондықтан 2024 жылғы 15 наурызда Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнін "Тұтынушылар үшін әділ және жауапты жасанды интелект" ұранымен өткізу туралы шешім қабылданды.
Соңғы жылдары жасанды интеллект цифрлық әлемнің ажырамас бөлігіне айналды, адамдардың өмірінің көптеген салаларына кәсіби қызметтен ойын - сауыққа дейін еніп, экономиканың негізгі бағыттары-банкинг, ретейл, медицина және өнеркәсіптің дамуына үлкен әсер етті.Бүгінгі таңда арнайы білімі жоқ кез-келген адам әр түрлі тілдерде берілген тақырыптарға мәтіндер жасай алады, мәтіндерді аудара алады, ақпаратты тексере алады, мақалаларға иллюстрациялар жасай алады, түйіндеме жасай алады, интерьер нұсқаларын жасай алады және тағы басқалар.Жасанды интеллектті дамытудың көптеген артықшылықтары бар, бірақ оны қолдану тұтынушылардың қауіпсіздігіне де әсер етуі мүмкін.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тұтынушылардың құқықтары бекітілген. Аталған Заң тұтынушының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасасуға, тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат алуға, қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға, тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтету құқықтарын қарастырған.
Сонымен қатар, айта кету керек «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленіп, қазіргі таңда Мәжілісте қаралуда. Аталған заң жобасына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу ұсынылады. Омбудсмен мәртебесі Қазақстан тұтынушыларының құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі проблемаларды мемлекеттік биліктің жоғары деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта тұтынушылардың шағымдарын қарау мен шешудің үш сатылы жүйесі енгізілген (1 – кезең – сатушы және тұтынушы арасында реттеу, дауларды сотқа дейін реттеу субъектілері, 2 – кезең-мемлекеттік органдар, 3-кезең-сот). Осыған сәйкес соттар мемлекеттік органдарға жүгіну кезеңін сақтауды талап етеді. Сондықтан азаматтың сот арқылы қорғалуына конституциялық құқықтарының сақталуын ескере отырып, іс-шаралар реттілігінің тетігін қайта қарап, екі сатылы жүйеге көшу көзделуде.
Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға ұсынылатын өзгертулер мен толықтырулар тұтынушының қанағаттанушылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік тепе теңдікті қалыптастыруда оң нәтиже береді. Әзірленген өзгерістер мен толықтыруларды заңнамалық тұрғыдан бекіту тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін неғұрлым сапалы деңгейге көтереді және қазақстандықтардың өмірінде жағымды өзгерістерге әкеледі.


Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
19 наурыз 2024 ж. 193 0