Мерейлі мерекеде қыз-келіншектер бақ сынады

Арулар мерекесіне орай әйелдер арасында өткен жарыс – салауатты өмір салтын насихаттау, азаматшаларды дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға ынталандыру, жергілікті дене шынықтыру-сауықтыру мен бұқаралық спорттық шараларын жетілдіруді деуге болады. Қыз-келіншектер арасында өрбіген спорттық дода тартысқа толы болды. Барлық командалар бір-бірімен кездесіп, ұпай сандары бойынша қай команданың алға шыққаны анықталды.
Игі шара соңында, Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімі басшысы Бекжан Шахизатұлы жарысқа қатысқан нәзік жан иелеріне ыстық лебізін білдіріп, жеңімпаз командаларға арнайы медальдар және сыйлықтар табыстады.