№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жалынды жастар – жарқын болашақ

Жалынды жастар – жарқын болашақ

«Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты жастардың  зияткерлік әлеуетін дамытуда, бір-бірімен тәжірибе алмасуына жағдай жасауда бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Сәрсенбінің сәтінде Манап Көкенов атындағы мәдениет үйінде өткен мәдени кеш осының
бір дәлелі.
 
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тағылымды өмір жолын дәріптеп, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ғұламаның өмірі мен шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кеште  аудандағы мектеп оқушылары мен Жаңақорған аграрлы-техникалық кол­леджінің студент жастары «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмін тамашалады. Елбасының сындарлы саясаты мен Тәуелсіз Қазақстанның тарихына қа­нықты.
«Jas Otan» Жастар қанатының аудандық бөлімше басшысы мұрындық болған бұл кеште жас болса да басшылық міндетті атқарып жүрген белсенділер Жастар Ресурстық орталығының басшысы Наурызбай Орынбасаров, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының «Жалынды жастар» БПҰ төрайымы Ханзада Дошан сөз алып көркем фильм жайлы өз пікірлерімен бөлісті.
Кеш барысында  «Jas Otan» Жастар қанаты аудандық бөлімше басшысы Рамазан Ахмет көрермендер арасында ұлы ойшылдың өміріне қатысты қызықты ойындар ұйымдастырып, жеңімпаздарға Абайдың қара сөздерін табыстады.
– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлының бала кезінен көрген қиындықтары, елбасы мәртебесіне жеткенге дейінгі соқпақты өмір жолымен танысып қана қоймай, фильмді көру барысында бойымызды Отанға, туған жерге деген патриоттық сезім биледі. Елбасының туған еліне деген сүйіспеншілігі бізді тәнті етті. Бұл кештен рухани сабақ алдық, – деп аграрлы-техникалық колледжі студенттері өз сезімдерімен бөлісті.
Жастарға берері мол, тағылымды кештен біз де ерекше әсер алдық.
Майра ӘБДУӘЛІ
09 ақпан 2020 ж. 783 0