№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Самұрық-Қазына" АҚ 2023 жылғы таза пайдасы 1,8 трлн. теңге деңгейінде күтілуде

"Самұрық-Қазына" АҚ 2023 жылғы таза пайдасы 1,8 трлн. теңге деңгейінде күтілуде



Самұрық-Қазына" АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылады, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметінен. Брифинг барысында Экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директор Мират Өтепов өткен жарты жылдықтағы компаниялар тобының негізгі қаржылық көрсеткіштері туралы әңгімелеп берді.
Өндіріс саласында байқалған оң нәтижелер атап өтілді. ҚМГ-ның мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 11,9 млн. тонна деңгейінде қалыптасты, бұл 2022 жылғы ұқсас көрсеткіштерден жоғары. ТЖ тасымалдарының 9%-ға өскені байқалды, ал Air Astana және Qazaq Air әуе компаниялары бойынша жалпы жолаушылар айналымы 3,8 млн. жолаушыны құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштерден 12%-ға жоғары. Бұдан басқа, уранды сату көлемі 5%-ға өскен - 9,5 мың тоннаны құрайды. 1-жартыжылдықтың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру сағатына 17,9 млрд. кВт құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4%-ға артық. Отын нарығындағы бағаның ауытқуына қарамастан, Қордың кірісі қаңтар-маусым айларында 7,2 трлн. теңгені құрады. Алдын ала бағалау бойынша, "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының 2023 жылғы таза пайдасы 1,8 трлн. теңге деңгейінде күтілуде. Мұнай және газ нарықтарында қалыптасқан жағдайды және өндірістік көрсеткіштерді жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараларды ескеретін болсақ, бұл жақсы нәтиже болып табылады", - деп атап өтті Мират Өтепов.
Брифинг барысында Қордың портфельдік компанияларынан алынған дивидендтер қайда және қандай көлемде жұмсалатыны да атап өтілді. 2023 жылы "Самұрық-Қазына" АҚ қаражатының жалпы ағыны Мемлекеттіңпайдасына шамамен 658 млрд теңге көлемінде күтілуде. Ақша дивидендтерге, әлеуметтік сала және қайырымдылыққа жұмсалады. Алдын ала деректер бойынша Қор республикалық бюджетті 146 млрд.теңгеге толықтырады, Мемлекетке дивидендтер шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыруға 353 млрд. теңгеге дейінгі сомабағытталатын болады. Активтерді жекешелендіру қорытындысы бойынша мемлекет қосымша 92 млрд. теңге алады.
Осы сомалар бойынша акционердің соңғы шешімі күтілуде. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында "Қазақстанхалқына" қоғамдық қорына 67 млрд.теңге бөлінді. Мемлекетке төленетін дивидендтерге тоқтала отырып, спикер қазіргі уақытта "Самұрық-Қазына" АҚ 3 денсаулық сақтау объектісінің құрылысын қаржыландыратынын, оның ішінде еліміздің ірі қалаларындағы ұлттық ғылыми орталықтар мен Астана қаласындағы перинаталдық орталықтың құрылысын қаржыландыратынын, қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында, Жетісу облысында бірқатар әлеуметтік объектілерсалынып жатқанын атап өтті.
14 қазан 2023 ж. 336 0