№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мұғалім – мектеп жүрегі

Мұғалім – мектеп жүрегі


Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан – жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты қажет ететін мамандық – ұстаздық. Мұғалім адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беретін және бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған адам. Осы орайда, ғылымның көкжиегін кеңейтуге қосқан үлесі бар тұлға ретінде зиялы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнап келе жатқан ұстаздың бірі – Меруерт Камалова жайында қалам тербеген едік.


Ол 1972 жылы 29 қаңтарда Жаңақорған ауданы, Әбдіғаппар ауылында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пе­дагогиканың институтын 1995 жылы тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, ұстаз 2002 жылдан бастап №213 жалпы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келеді. 2007 жылы облыстық «Ең үздік оқу ісі меңгерушісі – 2007» сайысында «Жаңашыл оқу ісі меңгерушісі» номинациясын иеленді.
Өзін білікті де кәсіби маман ретінде көрсете білгені үшін облыс әкімінің Алғысын, 2009 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2017 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2017 жылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің алғысын алды. 2017 жылы наурыз айында Қызылор­да облыстық білім басқармасы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті­нің құттықтау хатымен марапатталды. 2017 жылы наурыз айында Қызылорда білім қызметкерлері салалық кәсіподағының облыстық комитетінің алғыс хатын иеленді. Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беудегі еңбегі және «Қазақ тілі» қоғамының жұмысына белсене қатысқаны үшін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2019 жылы Алматы қаласында «Жас ғалым – 2019» атты Республикалық мектеп оқушылары арасында өткен ғылыми жоба байқауына оқушысын белсенді қатыстырып, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының алғыс хатын иеленді.
2020 жылы «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Абай жаққан бір сәуле» атты олимпиадаға қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Иә, тізе берсек, ұлағатты ұстаздың ізденісінің үзілмей жалғасып келе жатқанын байқайсыз. Мерейлі мереке қарсаңында ізденімпаз ұстазбен тілдесудің сәті түсті.

«Шәкірттерім ел сенімін ақтап, өмірден өз жол­дарын табуда. Мұғалімге өзі баулыған шәкіртінің биік шыңдарды бағындырғанын көргеннен ас­қан бақыт жоқ. Бастысы, болашақ мамандықтарын осы бастан таңдап, өз саласы жайында тереңірек ізденуге талпынған ұл-қыздарды көргенде еңбектің еш кетпейтінін ұқтым. Елдің іргесі мығым, ғылым мен мәдениеті озық бо­луы үшін мектеп мұғалімдері Президент Жолдауын­дағы басымдылыққа мән беріп, оны жүзеге асуы үшін аянбай тер төгуі парыз, – дейді ол.

Мақпал МАРҚАБАЙ
03 қазан 2023 ж. 381 0