Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ. АДАЛ ҰРПАҚ. ТАБЫСТЫ ҰЛ

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ. АДАЛ ҰРПАҚ. ТАБЫСТЫ ҰЛ

Еліміздің білім саласындағы реформасы жаңа иедеяларын Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы педагогтерінің республикалық тамыз конференциясының жалпы пленарлық отырысынан байқадық. Алқалы жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов, Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева қатысып, жаңа форматта білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды сөз етті.
Биылғы тамыз мәслихаты жаңа форматта өтті. Министрлік ұстанымына сәйкес әр облысқа арнайы тақырыптар белгіленген. Өзге өңірлерден келген 300-ден аса үздік педагог екі күн білім беру саласының маңызды мәселелерін талқылады. Педагогтар кеңесіне ауданнан 15 мектеп директоры, 10 балабақша меңгерушісі мен әдіскерлер қатысып, тәжірибе алмасты. Тамыз кеңесінде сөз алған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзгерістерге қадам басқан уақытта жас ұрпаққа сапалы білім беруде, тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі ерекше екенін айтып, бала болашағы үшін атқарылған жұмыстарды баяндады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықты бағалау – өте маңызды міндет» деп атап өтті. Биылғы тамыз кеңесінің «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атауын еншілеуі құндылықтардың бағасы қай кезде де биік екенін тағы бір дәлелдеді. Себебі адамзатты кемел ойға тек білім ғана жетелейді. Ел Президентінің, Үкіметтің қолдауымен соңғы бір жыл ішінде білім саласына бағытталған қаржы көлемі 260 млрд.теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Осының арқасында саладағы ауқымды жобаларды сәтті жүзеге асырудамыз. Өңірдің 3-6 жастағы балалары 100 пайыз мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Ал 2-6 жастағылар үлесі 88,9 пайызға жетті. Тұрақты қолдау көрсетілгендіктен балабақшалар заманауи бағыттағы ІТ жобаларды сәтті енгізіп, аймақтың үздік тәжірибесін өзге облыстарға таратуда. Бұл ретте тәрбиешілердің білім деңгейін көтеруге ерекше жағдай жасадық. Жыл көлемінде барлық жеке балабақша тәрбиешілері тегін курстардан өтуде. Біз үшін тәрбиешілердің мемлекеттік немесе жеке балабақшада жұмыс істегені маңызды емес. Олардың біліктілігін арттыруда тең көзқарас ұстанамыз. Өйткені – бала бәрімізге ортақ», – деді аймақ басшысы. Тамыз кеңесінде баяндамашылар өз салалары бойынша тәжірибелерін бөлісіп, бала тәрбиелеуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Айта кетейік, биыл Қызылорда облысының білім саласында жағымды жаңалықтар жетерлік. Аймақта мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігінің ынтымақтастық аясы кеңейіп келеді. Бүгінде облыстағы 613 балабақшаның 453-і немесе 73%-ы жеке сектордың үлесінде. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» бағдарламасы шеңберінде құны 86,2 млрд.теңге болатын 21 заманауи мектеп салынады. Жаңа білім ордалары 12 мыңнан аса оқушыны қамтиды. Биыл өңірде 10 мектептің іргетасы қаланады. «Білімді қолдау қоры» есебінен Қызылордада қаласында құны 7,9 млрд. теңге болатын физика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысы басталды. Дарынды балаларға арналған жаңа оқу ордасында республикалық физика-математика мектебінің таңдаулы ұстаздары сабақ береді. Аймақта жеке мектептердің де үлесі артуда. Қазірдің өзінде 24 жеке мектеп жұмыс істесе, биыл 7 мектеп ашылады. Қаланың сол жағалауында «ҚазГерМұнай» компаниясының қаржылай қолдауымен 350 орындық заманауи Оқушылар сарайы салынады. Бұл қосымша білім беру ордасы озық ойлы, өнерге құштар, спортқа бейім дарынды балалардың шамшырағын жағады. Аймақта апатты деп танылған 6 мектептің мәселесі оңтайлы шешілді. 4 білім ошағының құрылысы «Жайлы мектеп» жобасы арқылы салынса, Арал ауданы, Тоқабай ауылындағы мектеп құрылысы жеке инвестор есебінен жүргізілуде. Білім нысаны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал Шиелі ауданындағы тағы бір апатты мектеп мәселесі «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» көмегімен шешіледі. Қала мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесі қосымша құрылыс салу арқылы реттелуде. Облыс орталығындағы 4 мектептің 1850 балаға арналған қосымша ғимараттары жаңа оқу жылында балаларды қабылдайды. Ауыл балалары үшін салынған 1400 орындық 4 мектеп (Жаңақорған «Майбекет», Шиелі Байсын, Қазалы Әйтеке би кенті, Қызылорда қаласы «Бәйтерек» шағын ауданы) осы жылы ел игілігіне табысталмақ. Білім мазмұнын арттыру мақсатында мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтауға, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін соңғы үлгідегі бейнекамералар алуға жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. ҮЗДІК ҰСТАЗДАР МАРАПАТ МІНБЕРІНДЕ Қызылордада 500-ге жуық педагогтың қатысуымен өткен облыстық Тамыз кеңесінде өткізіліп, білім саласының өзекті мәселелері қаралып, үздік ұстаздар марапат мінберінен көрінді. «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, Адал ұрпақ, Табысты ұлт» тақырыбында жаңаша форматта өткен педагогтер кеңесінде Наталья Васильевна министрліктің алдағы жаңа жобалары мен жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтарын таныстырса, Мейрамбек Зинабдинұлы ұстаздарға әрдайым лайықты деңгейде қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. – Алдағы жаңа оқу жылын 319 мектеп, 386 балабақша мен 16 мемлекеттік колледжбен қатар жеке меншіктегі 453 балабақша, 24 жалпы орта білім беретін мектеп және 12 колледж бастағалы тұр. Бұл білім мекемелерінде жұмыс жасайтын барлық педагогикалық, техникалық қызметкерлер мен балалар біздің назарымыздан тыс қалмайды. Сондықтан, түрлі деңгейдегі білім, спорт, шығармашылық және өнер бағытындағы байқауларға, сайыстар мен конкурстарға барлық балалар мен қызметкерлер бірдей қатыстырылады. Облыстық, қалалық және аудандық оқу-әдістемелік орталықтар тарапынан мемлекеттікпен қатар жекеменшік білім беру ұйымдары да әртүрлі бағыттағы әдістемелік көмектермен қамтылады, – деді облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет. Конференцияда сөз алған спикерлер білім саласындағы соңғы өзгерістерге тоқталып, дарынды балаларды қолдау, білім мен тәрбие берудің ортақ мәселелерін талқыға салып, идеяларымен бөлісті.

Педагогтер жиында еңбегімен көзге түсіп, үздік шәкірттерімен танылған ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрі мен облыс әкімінің Алғыс хаты мен Құрмет грамоталары табысталды. Марапатталған ұстаздар қатарында Жаңақорған білім бөлімінің әдіскері Пәтима Тұртанова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу ісінің үздігі» атанып, «Құрмет грамотасымен» марапатталды. ТӘРБИЕШІ АЙЛЫҒЫ 30 ПАЙЫЗ ӨСЕДІ «Білім берудің үздік тәжірибесін лайықты жалғастыра келе, ұлттық құндылықтар мен тұлғатану институтын қалыптастыруға тиіспіз. Бұл бүгінгі буынның біліміне жауапты ұстаздарды ғана емес, бауыр еті – баласы үшін барын беретін ата-аналарды да алаңдатуы қажет. Жаңа оқу жылынан бастап облыста «Тәрбие орталығы» өз жұмысын бастайды. Орталық қызметі балалардың ойтанымын арттыруға, спорттық қабілетін шыңдауға, жасөспірімдер арасындағы түрлі келеңсіздіктердің алдын алуға бағытталады. Бұл орайда облыстық білім басқармасы полиция департаменті және қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жергілікті жерде жасөспірімдердің тәрбиесі, құқық бұзушылығына қатысты нақты талдаулар жүргізіп, кешенді шаралар қабылдауы керек», – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Айта кетейік, елімізде болашақ ұрпаққа жол сілтейтін педагог еңбегін лайықты бағалауға бағытталған кешенді іс-шаралар қолға алынған. Президент тапсырмасымен соңғы 4 жылда мұғалімдердің жалақысы 100 пайызға артты. Ал 1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы 30 пайызға ұлғаяды. Биыл өңірде балаларды мектепке тасымалдау мәселесі де шешімін тапты. Жаңа үлгідегі 30 автобус шалғайдан қатынайтын оқушылардың игілігіне қызмет етпек. СЫР ӨҢІРІНДЕ 87 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ Биылдан бастап Қызылорда облысындағы барлық бастауыш сынып оқушыларының және 5-11 сыныптағы әлеуметтік көмекті қажет ететін оқушылардың тегін ыстық тамағына қаржы бөлінді. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы педагогтерінің республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында атап өтті. Аймақ басшысы балаларды әлеуметтік қолдау жұмыстың басым бағыттарының бірі екенін айтты. «Осы оқу жылында балабақшалардағы арнайы санаттағы балалардың ыстық тамағына жергілікті бюджеттен қаржы бөлуді жоспарлаудамыз. Жаңа әдістемеге сәйкес, бұл қаражат мемлекеттік балабақшалармен қатар жекелерге де бағытталады. Биыл алғаш рет 1-4 сыныптарда оқитын 70 мыңнан аса баланы тегін ыстық тамақпен қамтыдық, бұған жергілікті бюджеттен 5,5 млрд.теңге қаралды. Ал, 5-11 сыныпта білім алатын әлеуметтік көмекті қажет ететін 17 мыңға жуық оқушының тегін ыстық тамағына 3,3 млрд. теңге бөлінді», – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Облыс әкімі өз баяндамасында колледждерде кәсіби маман дайындау әлі де өзекті екенін айтты. «Өкінішке қарай, кейбір жастар мамандық таңдауда еңбек нарығының сұранысын ескермейді. Жұмысшы кәсібін меңгеруге ықылас таныта қоймайды. Бүгінде техникалық мамандықты игерем деген әрбір түлекке мемлекет тарапынан қолдау бар. Біз жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайтып келеміз. Биыл 4,5 мыңнан аса балаға тегін грант береміз», – деді аймақ басшысы. Айта кетейік, студенттердің, әсіресе ауыл балалары үшін жатақхана мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Осы жылы Қаржы орталығы арқылы Арал ауданындағы Арал индустриалды колледжінің жатақханасы салынды, жақын арада нысан пайдалануға берілмек. Балалардың бос уақытында үйірмеге баруы өте маңызды. Осы ретте қала, кент, ауылдардағы мектептерде Оқушылар сарайы мен Өнер мектептерінің филиалдарын ашу жоспарлануда. Мұнан бөлек, облыс әкімінің тапсырмасымен 2 маусымдық лагерь жыл бойы жұмыс жасауға көшті. Келесі жылы жеткіншектердің облыстағы және еліміздің алдыңғы қатарлы демалыс орындарында тынығуына жағдай жасалады. СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ – 25 МАМЫРДА! 2024 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы «Әділетті Қазақстан: Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы педагогтерінің республикалық тамыз конференциясында айтылды. «Сөз соңында оқу жылының 36 аптаға дейін ұзартылуына қатысты өз пікірімді білдірсем деймін. Бұл мәселеге қатысты қоғамда сын көп болып, педагогтар қауымдастығы тарапынан ұсыныстар болды. Бұл әлемдік тәжірибе екендігін мойындауымыз қажет. Дегенмен, мұндай жаңашылдықты енгізген кезде барынша тыңғылықты дайындық қажет етіледі. Министрліктің шешімі дұрыс болды деп санаймын. Бірақ, асығыстық болды. Осыған орай осы оқу жылында 34 апталық оқу ұзақтығына оралып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептейміз», – деді Оқуағарту министрлігі мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева. Оның атап өтуінше, алдағы оқу жылы ішінде қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп, оқу бағдарламасын бейімдеу керек және 36 апталық оқу ұзақтығына оралу мәселесін 2025 жылдан бастап қайта пысықтау жүктелді.
Мақпал марқабай
31 тамыз 2023 ж. 428 0