№73 (8784) 14

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (8783) 10

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Құрыш қолға зор құрмет

Құрыш қолға зор құрмет

Өткен апта соңында облыс орталығында құрылысшылар күніне арналған мерекелік салтанат ұйымдастырылып, бірнеше сала мамандары құрмет төрінен көрінді. Кәсіби мереке иелерін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құттықтап жылы лебізін білдірді. Мерекелік іс-шарада облыс әкімі Тәуелсіздік жылдары аймақтың өсіп-өркендеуіне, құрылыс саласының дамуына табан тіреп қызмет қылған азаматтарға, майталман мамандарға түрлі марапат табыстады.

Ерекше өткен мерекеде қазақ эстрадасының әншілері Мәдина Сәдуақасова, Әміре, Маржан Арапбаева және Садраддин өнер көрсетіп, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Жалпы соңғы жылдары құрылыс саласының қарқыны қатты. Қаншама нысандар бой көтеріп, Сыр елінің сәні мен салтанаты кірді. Биылдың өзінде құрылыс көлемі артып, 692,3 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Қазір әртүрлі деңгейдегі 150 жобаның құрылысы жүзеге асуда. Бұған мемлекеттік бюджет есебінен 72,3 млрд теңге бөлінген. Бұл нәтиже өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық деген сөз.
Осындай мереке кешінде түрлі марапаттар ұсынылды. «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағымен, «Құрмет» ордені, «Құрметті құрылысшы», «Құрметті жолшы» төсбелгілері, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрмет грамотасы», Қызылорда облысының «Құрмет грамотасы» мен облыс әкімінің «Алғыс хаты» берілді. Жаңақорған ауданынан аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Орман Ахметов «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен награтталды. 40 жылдан астам ауданның өсуі мен өркендеуі жолында еселі еңбек етіп келе жатқан білікті басшы.

– Барша құрылыс саласында жүрген жандарды осы бір кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Бұл құрыш қолды құрылысшы мамандарға деген үлкен құрмет деп білеміз. Ауданның бүгіні мен болашағы жолында жұмыла жұмыс жасап жүрген жаңақорғандық құрылысшыларға алғысымыз шексіз, – деп бөлім басшысы ізгі тілегін жеткізді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрмет грамотасы» сала ардагері Абсаттар Жұмановқа табысталды. 44 жыл еңбектің өтінде болған ағамыздың қызметі қандай марапатқа да лайықты. Сол секілді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Алғыс хатымен» Асатилла Рустемов пен Мухит Мамуов марапатталды. Бұл кісілердің де жүріп өткен жолы мен қолтаңбасы аудан инфрақұрылым саласында таңбаланған. Жарты ғасырға жуық қызмет атқарған бұл жандар туралы әлі талай жазылатын болады. Ең бастысы, еткен еңбек еш ктепейді, халықтың берген бағасы қашан да шынайы.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
18 тамыз 2023 ж. 217 0