№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Алматыда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды



S-Group компаниясының өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам жоғары кірістілікке уәде берген
Sincere System Group" (S-Group) компаниясының өкілдеріне қатысты қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті бастады.
Қызметкерлер белсенлді азаматтардың қатысуымен компанияның қызметін ерте кезеңде тоқтатып, бұл алданған инвесторлардың санын азайтуға мүмкіндік берді. S-Group компаниясының өкілдері салымшыларға айына 6%-дан 8%-ға дейін немесе жылына 70%-дан астам жоғары кірістілікке уәде берді. Депозиттің ең төменгі сомасы $100 құрайды. Сондай-ақ, салымшыларды тартқан жағдайда соманың 5 пайызы көлемінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған. Бұл ретте клиенттерге ақшаны қабылдау фактісін растайтын құжаттар мен келісімдер ұсынылмаған, салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктіге қатысты "қамау түріндегі" бұлтартпау шарасы санкцияланды. Егер сіз және сіздің туыстарыңыз "S-Group" компаниясының қызметінен зардап шексе, Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласыңыз.
26 шілде 2023 ж. 355 0