Соңғы жаңалықтар

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қазақстан PRS Group компаниясының елдік тәуекелдер рейтингінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты

Қазақстан PRS Group компаниясының елдік тәуекелдер рейтингінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты

   Сиракьюс қаласында (Нью-Йорк штаты, АҚШ) орналасқан PRS Group беделді халықаралық америкалық рейтингтік компаниясы 2019 жылдың бірінші тоқсанына арналған елдік тәуекелдердің рейтингін ұсынды.

  140 елдің ішінде Қазақстан 66-орында орналасты және өткен жылдың нәтижелерімен салыстырғанда (2018 жылғы 4 тоқсан -69,5) елдік тәуекелдердің көрсеткіштерін жақсарта отырып, 69,8 балл жинады.
  PRS Group елдік тәуекелдердің рейтингі үш блоктан тұрады: саяси, экономикалық және қаржылық тәуекелдер.
Блоктар бойынша бөлікте жағдай келесі түрде: саяси тәуекелдер бойынша Қазақстан 65,5 балл (2018 ж. 4 тоқсанында 64,5 балл), экономикалық тәуекелдер бойынша – 38,0 балл (36,5), қаржылық тәуекелдер бойынша - 36,0 балл (38,0) жинады. Осылайша, өткен жылмен салыстырғанда республика 3 ел тәуекелдерінің бөлімінің 2-уі бойынша өсім көрсетті.
Көп жағдайда рейтингтегі осындай ілгерілеу саяси тәуекел компоненттерінің бірі болып табылатын сыбайлас жемқорлық бойынша көрсеткішті жақсарту есебінен мүмкін болды. Ол 0 – ден 6-ға дейінгі шкала бойынша сарапшылармен бағаланады, онда 0-сыбайлас жемқорлықтың ең жоғарғы деңгейіне, ал 6 - ең төменгі деңгейіне сәйкес келеді.
Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан а.ж. 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 3 балл алды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (1,5) өз көрсеткішін екі есе жақсартты. Ұсынылған кестеде 2018 жылдың басынан бастап осы көрсеткіш бойынша елдің тоқсан сайынғы өсімі көрсетілді. Бұл Қазақстанның осы рейтингте болған барлық уақыттағы ең жақсы нәтижесі.
Қазақстан ТМД-ның барлық елдерін сенімді басып озуда (Ресей – 1,5, Әзірбайжан - 1,5, Беларусь – 2, Армения-2 балл).
Сонымен қатар, PRS Group рейтингісінде біздің еліміз Бразилия (2), Сербия (2), Тайланд (2), Латвия (2,5), Грекия (2,5), Малайзия (2,5), Түркия (2,5), Үндістан (2,5) сияқты мемлекеттерден асып түсті.
Қазақстанмен бір орында Италия, Польша, Венгрия, Чехия және Хорватия орналасқан.
06 маусым 2019 ж. 649 0