№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бауырмалдыққа бастайтын мереке

Бауырмалдыққа бастайтын мереке

Ертең барша мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесі басталады. Осы ретте, жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен облыстағы аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тізімі әзірленіп, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Қамзаев хабарлады.syrboyi.kz


– Құрбан айт мерекесі – күллі мұсылмандар үшін ізгілікке арқау болатын қасиетті мейрам. Бұл күндері құрбандық шалуға ниетті жандар үшін оффлайн және онлайн формат ұсынылады, яғни, онлайн құрбан шалу үшін тұрғындар www.qurban2023.kz сайтына өтініш бере алады. Сонымен қатар қасиетті мерекеде қайырымдылық шараларын кең көлемде жүргізу үшін демеушілермен бірлесіп, арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады. Құрбан айт мерекесі қарсаңында төрт-түлікке сұраныс артатыны белгілі. Осыған байланысты мал бағасын ретсіз көтермеуге ұсыныстар берілуде. Бұдан бөлек, құрбан шалу орындарында санитарлық талаптарды сақтау бойынша арнайы ережелер бекітілді, – деді басқарма басшысы.
Брифингте ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Болатбек Әбуов Құрбан айтта шалынатын мал түрлері мен негізгі жасалатын амалдарды баяндап берді.
– Өңірімізде Айт намазын оқу уақыты таңғы 06:00 болып бекітілді. Дәстүр бойынша Қызылорда қаласында өтетін діни  рәсімдер мешіттерде емес, арнайы жасақталған «Нұрболат» және «КЗО ЕТ» қасапханаларында жүзеге асырылады. Құрбан еттері арнайы даярланған тізім бойынша мешіт еріктілерінің көмегімен мұқтаж отбасыларына үлестіріліп беріледі. Аудан орталықтарында да арнайы мал сою орындары дайындалуда. Ұлық мейрамның құрметіне орай, облыстық, қалалық, аудандық мешіттер жанынан киіз үйлер тігіліп, ұлттық дәстүрімізге сай думанды шаралар мен ұлттық ойындар, қайырымдылық акцияларын өткізу жоспарланып отыр. Жалпы құрбандыққа шалынатын мал түрлері бойынша айтатын болсам, түйе 5 жастан, сиыр 2 жастан, қой және ешкі 1 жастан асу керек, – деді Болатбек Ұласқанұлы.
29 маусым 2023 ж. 93 0