№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өнім көлемін көбейту керек

Өнім көлемін көбейту керек


Мемлекет басшысы ауылшаруашылығы саласын дамытуға баса көңіл бөліп отыр. Әсіресе, серіктестіктерді дамыту жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруды биыл тапсырған болатын. Оған 1 триллион теңге бөлінсе, бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын қамтуы тиістігі де айтылды. Сондықтан, егін көлемін көбейтіп, мал шаруасын ширату маңызды мәселе.


Біздің аудан егіс шаруасында биыл байыпты қадамдар жасағаны белгілі. Оның негізгісі, күріш көлемін көбейтіп, әртараптандыру бағытына бет бұруда. Биыл аудан бойынша 37 781 гектарға егiс егу межеленсе, соның 8 мыңнан астамы күріш дақылына бағытталады. Биыл мал азықтары мен бақша дақылдарына да мол мүмкіндік беру тетігі бар. Сондай-ақ, қант қызылшасы да межеде тұр. Былтыр тәжірибе алаңы ретінде 2 гектарға дән себілсе, биыл көлемі 5 гектарға дейін есейді. Бұл да әртараптандырудағы басты жобалардың бірі.
– Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында қосымша жерлер ашылып ұжымдық түрде 295 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтқанда 845 адам отбасылық егістікпен айналысып, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктермен өзін-өзі қамтитын болады. Бүгінгі таңға шаруашылық жетекшілерінің демеуімен 295 гектарға жуық егістік алқаптары шеңгел, жусандардан тазартылып, қоршалануда. Бұл жұмыстар мамыр айының аяғына дейін жалғасады, – деді ауданның бас аграномы Даурен Абибуллаев.
Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылдың егісі үшін 3151 гектар күздік бидай егуді және 7300 гектар сүдігер айдауды қамтамасыз етсе, бірқатар шаруашылықтар тарапынан тамшылатып суару әдісі мен жаңбырлатып суару жүйесіне басымдық берілуде екен. Атап айтқанда, Талап ауылдық округінде тамшылатып суару әдісімен «Қызылорда Агроплюс» ЖШС-де 5 гектар қызанақ, жаңбырлатқыш суару технологиясымен Қожакент ауылдық округіне қарасты «Береке» шаруа қожалығында 30 гектар алқапқа жүгері, жоңышқа дақылдары егілетін болады. Сонымен қатар, қазіргі таңда «Казагрэкс» АҚ-ы Жаңақорған аудандық филиалы тарапынан шаруашылықтарда құйылған тұқымдарды себу дәрежесіне жеткізу үшін тұқым тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Негізгі дақылымыз күріштің дәнін тастау жұмысы жүйелі жүргізілуде, дейді бас маман.
– Қазіргі таңда, графикке сәйкес күріш егу жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылы су нысандарын тазалау жұмыстары бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы атқарылып жатқан іс-шаралар: Қыркеңсе ауылдық округіндегі «ОК-1-3» су қашыртқысына – 59,5 млн теңге және Байкенже ауылдық округінен «Дөңбай» каналына – 23,7 млн.теңге тазалау жұмыстарына бөлінген. Бүгінде осы каналдарға «Табиғат» МКК-мен мемлекеттік сатып алу заңдылығы бойынша тазалау жұмыстарын жүргізу үшін келісім шарттар жасалуда.
Су шаруашылығы жұмыстарын жүргізудің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен: М.Нәлібаев ауылдық округіндегі «К-2-6-1» су қашыртқысына – 1,134 млн теңге, «К-2-6-2-1» су қашыртқысына – 0,96 млн теңге. Аққорған ауылдық округіндегі «Р-16-2-1» каналына – 1,2 млн теңге, «Р-16-2» каналына – 1,16 млн теңге қаражат бөлінді, – деді жауапты сала маманы.
Биылғы егістік көлемі мен меже айқын болды. Енді тек аяқ су мәселесі мазаны қашырмаса болды. Мақсат – өнім көлемін көбейту. Бұл нарық бағасын тұрақтандыратын ең басты құрал. Қалғанын уақыт көрсете жатады, ең бастысы диқандар еңбегі еш кетпесе екен.

Мақпал МАРҚАБАЙ
25 сәуір 2023 ж. 203 0