№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құдайы қонақ күткенсіз бе?

Құдайы қонақ күткенсіз бе?



«Қырықтың бірі – Қыдыр» дейді дана халқымыз. Қазақ кімге болса да, құшағы кең қонақжай халық. Қазақ халқында қонақтың үш түрі бар: Олар арнайы қонақ, қыдырма қонақ және құдайы қонақ. Осылардың ішінде соңғысының орны бөлек. Құдайы қонақ деп күтпеген жерден келіп түсетін қонақты айтамыз. Құдайы қонақ шаңыраққа өзімен бірге берекесі мен құт-мерекесін ала келеді деп сенген. Халық оған ерекше ілтипат көрсетіп, жолаушының көңілінің тоқ болуына барынша жағдай жасаған. Қонақтың орны қашан да төр. Шаттығы тасыған әрбір шаңырақтың өзіндік ұстанымы, қағидалары, тәлім-тәрбиесі болады. Алайда ең бастысы әрбір қазақ отбасы қазақшылықтан таңбай, салт-дәстүрімізді жастарға өсиет етіп айтып отырса нұр үстіне нұр.
Бірде анам дастархан басында әңгімелесіп отырып үйге келген құдайы қонақ жайында айтып берді. «Кішкентай екі баламмен үйде жалғыз қалған кезім еді. Атаң аң аулауға тоғайға кеткен болатын. Бірде түн ішінде есік қаққан екі кісі: «Кім бар қарағым, құдайы қонақпыз» деді. Ішкі ойымда үйде отағасы жоқ қой, кіргізбейін десем ата-енемнен көрген өнегем құдайы қонақ келсе қуана қарсы алып, алдына ас-суын беруім керек. Содан жәймен ғана есікті ашып, сәлем салып, төрге оздырдым. Дастарханымды жайып, дереу ас даярладым. Шәй үстінде әңгімелерін бастай бергені сол еді атаң да келіп, арқа-жарқа амандасып, хал сұрасты. Марқұм атамызды танитын кісілер екен. Ол кісілер:

«Әкең өте кеңпейіл, қолы ашық жан еді ғой, ол кісіні ауылда танымайтын жан жоқ сірә» деп атамызды еске алып, жасаған жақсылықтары мен көрегенді кісі екенін айтып отырды. Расында атамыз өте парасатты әрі бақуатты жан болған. Жаңақорғанның шетідегі үш- төрт үйдің ғана қарасы бар, малға жайлы қонысты өңірлік мекен еткен әулетіміздің өз орны бар. Үйге келген кісіге танысын, танымасын қорадан бір қойын сойып, қонақты құдайдай күтетін. Анам да қабақ шытпай,келген жанның жағдайын жасап, жүзінен күлкісі кетпей жадырап дастарханын жаятын. Келіндік қызметімізді жасап, білмегенімізді үйреніп, тәлім-тәрбиесін қатар алып жүрдік. Құдайы қонақты өте көп күтетінбіз. Тоғайдан мал іздеп адасып қалатын адамдар, аң, құс аулауға келген меймандар үйге соғып дәм тататын. Жаз айларында шөлдеп келген жанға сүт, айран беріп, ақ батасын алатынбыз. Көрші- қолаңның балдары біздің аулада доп қуалап ойнайтынының өзі керемет көрініс еді. Кәзір құдайы қонақ күтпек түгілі, ағайынмен араласуымыз кеміп барады, тіпті бір аулада көрші балдардың қосыла ойнағанын да көп көре бермейтініміз өтірік емес. Кейде қарап заман өзгерді ме, әлде адамдар өзгеріп бара жатыр ма деп ойланып та қаласың, – деді анам өз сөзінде.


Қазак танымында құдайы қонақ құтты деп бекер айтпайды екен. Иә, берекесі мен мерекесі тасыған осындай киелі мекен қарашаңырақтың кіші келіні мен де анамның айтқан әңгімесін ұйып тыңдап, өнеге- өсиетін көңілге тоқып, жүрек түкпіріме жазып қойдым. Біз тұратын жер тап-таза ауасымен, жап-жасыл табиғатымен, жол бойы жағалай аққан көлдің мөлдір суымен ерекше. «Ызғар» елді мекенін білмейтін адам жоқ. Аудан орталығынан алыс тұрғанымызбен құтты мекеннен құдайы қонағымыз үзілген емес. Қонақ келсе- құтымен деген сөздің астарында қаншама тәрбие, мағына жатқанын анамның айтқан әңгімесінен түсінгендеймін. Білгенім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз. Анам ешқашан неге білмейсің деп сөккен емес. Тек үйреніп аласың, бәрін жасайсың, ниетің болса болды деп ақылын айтып, маңдайдан сипап отырады. Тәрбие – тал бесіктен деген осы шығар...
17 сәуір 2023 ж. 347 0