№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жарықтың жиі өшуіне не себеп?

Жарықтың жиі өшуіне не себеп?



ХХ ғасырдың 90 жылдары жарықтың жиі сөнетіні жайлы еститін едік. Кейінгі кезде осындай жағдайды біз де сезіне бастадық. Иә, кешкі мезгілде кенттің көшелерінде электр жарығы сөнетін болды. Бұл іске жаңақорғандық жұрттың наразылығын әлеуметтік желілерден, күнделікті тұрғындар арасындағы әңгімеден байқаймыз. Алайда жарық сөнудің де өзіндік себептері барын ұмытпаған жөн. Бұл мәселенің анық-қанығын зерделеп, ақжағалылардан жауабын білдік.
Жалпы электр энергиясының тапшылығы Қазақстанда сезіле бастады. Бұл жөнінде ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев:
– Біз бір жылдың ішінде электр энергиясын тұтыну мен оны өндіру 7 пайызға өскенін байқаймыз. Бұл өте үлкен өсім. Қазір бірқатар шешімдер қабылдауымыз керек. Біріншіден, біз жүйелік операторлардың – бұл біздің KEGOC Ұлттық компаниямыз – электр энергиясының тапшылығы туындауы мүмкін сәтте бірінші кезекте тау-кен DATA – орталықтарының тұтыну көлемін шектеуге немесе азайту құқығына ие болуға тиіспіз. Екіншіден, біз бұл мәселені энергетикалық қуат беруге техникалық шарттар беру бөлігінде реттегіміз келеді. Бұл да өте маңызды. Үшіншіден, тау-кен нарығын дамыту қажет. Шын мәнінде, біздің елімізде оны дамыту үшін жақсы мүмкіндіктер бар. Егер тиісті электр энергиясына кеншілер тарапынан сұраныс болса, оны ЖЭК есебінен генерацияның жаңа көздерін салу арқылы қанағаттандыруға болады, – деді.
Бұл мәселеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы орын алады. Әлемдік тәжірибе ең оңтайлы жолды ұсынады – бейбіт атом. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» жыл бойы Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеуі тиіс», деген болатын.
Жасыл сутегі өндірісі перспективалы бағыт болып табылады. Үкіметке осы мәселе бойынша да ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Демек, бұл республика бойынша бас ауыратын күрделі жүйе. Енді ауданға оралайық.
Бүгінде ауданды есептемегенде, кенттің өзінде 147 көше, 8909 отбасы бар. Жыл емес, ай сайын аудан аумағының кеңейіп келе жатқанын осыдан-ақ аңғаруға болады. Бір жағынан демографияда өсім байқалса, екінші жағынан, ауылдан және өзге өңірден аудан орталығына қоныс аударушылар көбейді. Сондықтан алдымен елдің айтарына назар салайық, өйткені, жарықты көп тұтынатын халық.
– Елдің ішінде газ, салық, суға қарызды жиі естігенімізбен, жарыққа берешектері барлар тым аз. Жаққан жарығымызды уақытылы төлеп тұрамыз, онда неге жарық жиі сөнетінін түсінбейміз. Онсыз да жарықтың бағасы өсіп келеді. Бізге бірінші кезекте ауыз су мен жарық маңызды. Ал, интернет пен телефон байланысын айтып-айтып шаршадық, – деді МАИ бекеті тұрғындары.
Жөн, енді тиісті мекемелердің пікірін тыңдайық. Рас, сұраныс артқан жерде сапа болуы тиіс, соған байланыста баға да өсе береді. «Шиелі Жарығы» мен «КРЭК» мекемесіндегі мәселені білдік, бірақ нақты жауапты «КEGOC» АҚ Жаңақорған аудандық филиалының мамандарынан алдық.
– Былтыр жазғы уақытпен есептегенде тәулігіне 6,5-7 мгбатт жарық тарататын едік, биыл ол 20 пайызға өсіп, 8,5-9-ға жетті. Демек, жыл сайын электр жарығын тұтынушылар қатары көбейіп келе жатыр деген сөз. Бұл ахуал республика деңгейінде де күрделі. Өйткені отбасы саны да, халық саны да артып келеді. Әсіресе, Оңтүстік аймақ, Алматы мен Қызылорда арасында халық тығыз орналасқан, оның да әсері бар. Бір сөзбен айтқанда, оңтүстік өңірлерде электр энергиясы тапшы, – деді Оңтүстік аймақтық электр желілерін тарату мекемесі «КEGOC» АҚ Жаңақорған аудандық филиалы басшысы Сейітмұхамед Абжаппаров.
Бұл түсінікті. Жалпы Жаңақорғандағы электр желілері мен трансформаторлар тым ескі. Көбісіне жарты ғасыр уақыт өткені де мәлім, бұл жөнінде аудан басшысы Руслан Рүстемов нақты міндет қойып, толықтай жаңартуға жұмыс істеуді шегелеп келеді. Мемлекет басшысы
Жолдауында көрсетілген өңірлерді дамытудың іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша Жаңақорған ауданында бірінші басымдық электр желісін жаңартуға бағытталып отыр. Жауапты мекеме басшысы тағы бір деректі былай түсіндірді:
«Жамбыл облысындағы электр энергиясын өндіруші станция «ГРЭС-те» 5 блок бар. Олардың дәл қазіргі таңда 2-еуі жөндеуде тұр, бір жағынан бұл да жарыққа әсер етуде. Сондықтан үнем жасау мақсатында күніне 1 сағаттан қысқаша шектеуді қолға алдық. Тұтынушылардың қажеттілігін толық қамту үшін шектеу шараларына қадам басқанымыз рас. Бұл туралы біз де «Шиелі Жарығы» ЖШС аудан әкімдігіне ескерту берген едік. Хатта ҚР Бірыңғай Энергетикалық Жүйесінің Ұлттық операторы «КEGOC» АҚ-ның хабарламасы нақты жазылған. Хабарламаға сәйкес, Оңтүстік аймақтарда қуаттың жетіспеушілігі мен электр энергиясының тұтыну көлемінің күрт өсуімен алдағы уақыттарда Ұлттық оператор «КEGOC» АҚ тарапынан уақытша техникалық ден қою шаралары мен шектеулер болады деп ескерту жазылды. Сонымен қатар, қарызы барлар уақыты төлем жасауды да сұрадық. Біреудің кесірінен енді біреу зиян шекпеуі тиіс».
Қалай дегенде де, халыққа электр жарығы қажет. Бұл – уақыт талабы. Қара күзбен бірге ауа-райы мінез таныта бастады. Мұндай кезде электр энергиясынсыз тіршілік тұралап, тұр-мыстық қиындықтар туындайды.
Бұл – анық. Бірақ электр энергиясын үнемді пайдалану да өте маңызды. Қазір Еуропаның дамыған елдері үнемдеу шараларын қолға алып, миллиондаған қаржы үнемдеп, қажетті бағытқа бағыттауда. Бізге де ойлану керек-ақ...
06 қараша 2021 ж. 269 0