№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТҮРЛІ ЭТНОСТАР ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

ТҮРЛІ ЭТНОСТАР ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

 
Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментібасшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы Қызылорда қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында
түрлі этностар өкілдерінің және мекеме ұжымының қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
         Кездесудің мақсаты - Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес, Агенттік Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқылау, сыбайлас жемқорлық стпатындағы қоғамдағы түйткілді мәселелерді анықтау және олардың шешілу жолдарын бірлесе қарастыру.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алған Ғалия Ұбайдуллақызы этнобірлестіктердің төрағаларымен тең отырып тілдесу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қазіргі таңда ашықтық, қолжетімділік қағидаттарына басымдық бергендігін және заң нормаларына енгізілгелі жатқан жобалар жайлы ақпараттар ұсынды.
Оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг сияқты профилактикалық құралдар енгізілді; сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жүйесі жетілдірілді; лауазымды тұлғалардың сыйлықтарды сыйлауына және алуына толық тыйым салынды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институты іске қосылды, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік күшейтілді және комплаенс-қызметтеріне тоқталып өтті.
Шара барысында өңіріміздегі тұрмыстық жемқорлықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, бірлесе жұмыс жасауға бастамашылық білдірді.
Кездесу  соңында бірқатар сауалдарға жауаптар  беріліп, барлық қатысушыларды қоғам кеселіне айналған әлеуметтік індетпен жалпы қоғам болып күресуге шақырды.
05 қараша 2021 ж. 239 0