№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бүгінгі бойжеткен – болашақ ана

Бүгінгі бойжеткен – болашақ ана


Қыз бала бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершіліктің биік мәдениетінің қоныс табуы осы тұрғыда бой тіктеген шынайы болмыс иелеріне еліктеуден де туады. Аудан орталығындағы  №3 мектеп-интернатында білім ошағындағы қыздар ұйымы комитеті ұйымдастыруымен осы тақырыпта кеш өтті. “Сырлы сұхбат” алаңына ауданымыздағы қаламгер апамыз, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Баян Үсейінова арнайы шақырылып, жас толқынның қойған сауалдарына жауап берді.

БҰҰ Бас ассамблеясының 2011 жыл 19 желтоқсандағы қарары негізінде нәзік жандардың құқықтарын қалыптастыру, олардың бүкіл әлемде кездесетін ортақ мәселелерін бірге талқылап заңды тетіктерін бекемдеу бағытында қазан айында Халық­аралық қыздар күні арнайы белгіленген екен. Осы арнайы күннің құрметіне аталмыш мектептің жауқазын қыздары жаймашуақ жиынды ұйымдастыруға белсене атсалысты.
Жиынды мектеп директоры, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері Ләззат Маш­бекқызы сөз сөйлеп ашып, жас түлектермен кездесіп, аналық ақыл-өсиетін бөліскелі отырған жазушы апайымызға ұжым атынан ризашылығын білдірді.
– Біз сіздің шығармаларыңызды асыға күтіп, ынтыға оқимыз, – деді ол. Қай бір жазбаңызда жан тазалығы, адамдардың бір-біріне деген жанашыр, мейірімді қарым-қатынасын қалам ұшына іліп, ізгілікті қоғам орнатуға өз күшіңізді сарқып келесіз.
Адам – баладан өсіп жетіледі. Барлық жақсы қасиеттер мектеп қабырғасында қаланатындықтан қанатты сөз, тағылымды өнегеден жас түлек тамшыдай болсын нәр алсын деген ниетпен алтын ұямызда осындай шараларды жиі өткізуге тырысамыз.
Елбасымыз: «Шығыс халықтарының ішінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі – қазақ» деген еді. Ауданымызда білім алған, өсіп-өркендеп, түрлі салада қызмет етіп жатқан қыз-келіншектер қатары ерлерден бір де кем емес. Елдің алдында жүрген азамат ретінде абырой биігіне қол артудың жолынөз өміріңізден мысал етіп, қаракөздерімізге үлгі болатын өміріңізден кестелі сыр ақтарсаңыз, – деп келелі сұхбаттың тұсауын кесіп берді.
Баян Алаудинқызы өзінің әдебиетке келу жолының мектеп қабырғасында басталғанын айтып берді. Тұңғыш әңгімесі «Үзілмеген үміт» 9 сыныпта оып жүргенінде «Қазақ әдебиеті» газетіне жарияланыпты. Мектеп бітірген соң КазГУ-дің журналистика факультетіне құжат тапсырып, білім алып, содан бері журналистика саласында табан аудармай жұмыс жасап келе жатқанына отыз жылдан асыпты. Төл басылымда «Сырласу» атты қыз-келіншектер клубын жүргізді.
Қаракөздердің түрлі тақырыпта қойған сауалдарына тұшымды жауап берген қаламгер сыр-сұхбаты көптің көкейінен орын алды.
Әдеби бағытта өткен кешке Саданова Сажида әннен шашу шашса, 10 сынып оқушысы Қазына Жұпарханқызы көркемсөз оқыды.
Кешті 9 сынып оқушысы Серікбай Дильназ жүргізді.
Бота ОМАРОВА
23 қазан 2021 ж. 461 0