№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мұхтар Оразбаев: Ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет

Мұхтар Оразбаев: Ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет


Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен коронавирус індетінің алдын алуға байланысты штаб отырысы өтті.

Штаб отырысына аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, дербес бөлімдер мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
Аудан басшысы Мұхтар Оразбаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастағанымен, қауіпсіздік шараларын естен шығармау қажеттігін айтты. Сондай-ақ, жұқпалы індеттен құтылудың бірден-бір жолы вакцинациялаудың маңызы зор екенін тілге тиек етті.
Штаб отырысында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім басшысы Сақып Ақбаева, Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева мен Қазалы теміржол ауруханасының бас дәрігері Айгүл Құлмағанбетова аудандағы вакцинациялау жұмыстары жөнінде хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді.
Әрбір сала мамандарын мұқият тыңдаған аудан басшысы Мұхтар Оразбаев тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын көбейту қажеттігін қатаң ескертті. Әсіресе, жұқпалы індетті жеңу үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет екендігін түсіндірді.
Отырыс соңында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев коронавирус инфекциясының алдын алуға бағытталған жұмыстарды күшейту үшін бірқатар тапсырмалар берді.
13 қыркүйек 2021 ж. 280 0