№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәмелетке толмағандар назардан тыс қалмайды

Кәмелетке толмағандар назардан тыс қалмайды


Апта басында аудан әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.


Күн тәртібіндегі мәселелер бой­ынша еліміздегі террористік бел­сенді аймақтардан оралатын жан­ұялардың балаларына көмектесу, сондай-ақ, деструктивті әрекетке еліктеуді ескерту бағытында оңалту, тиісті жағдайлар жасау бой­ынша Жаңақорған ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Яхия Шорабаев хабарлама жасады.
– Бүгінде Жаңақорған ауданаралық ауруханасында 73 824 халыққа 50 ЖТД аймақтары, 7 психолог, 20 әлеуметтік қызметкер жұмыс істеп келеді. Аудан көлемінде көмекке зәру жасөспірімдерге оңалту жұмыстары жүргізіліп келеді. Деструктивті діни ағымдар біздің ауданымызда тіркелген жоқ. Түгіскен, Байкенже, Қосүйеңкі, Төменарық, Сүттіқұдық ауылдарында жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен «Отбасында кикілжің мен дағдарыстың алдын алу», «Салауатты жастар – болашаққа жол бастар!», «Өмір – қайталанбас сабақ», т.б тақырыптарды ішкі саясат бөлімінің теолог маманы, жастар денсаулық орталығының мамандары, ауыл имамдары, емхана және мектеп психологтарының қатысуымен жоға­рыда аталған мектептерде семинар-тренинг, іс-шаралар өткізілді, – деді.
Сондай-ақ, қиын жағдайға тап болған тұрғындарға психологиялық көмек көрсету мақсатында, облыс көлемінде «Қызу желі» телефоны 8 8000802226 нөмірінде тегін қызмет көрсетіп тұрғанын хабардар етті.
Екінші мәселе, есірткі психоактивті заттар мен алкогольді ішімдіктерді қолданатын кәмелетке толмағандарды анықтау, есепке алу, емдеу және оңалту жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуы туралы, нашақорлықтың алдын алу профилактикасы жөнінде 2020-2021 жылдарда денсаулық сақтау ұйымына бірде – бір жасөспірім зиянды нашақорлық әдеттермен тіркелмегенін жеткізді. Бұл аудандық ішкі істер бөлімімен бірлескен жұмыстың нәтижесі екендігін алға тартты.
Бұл мәселе жөнінде аудан­дық бі­лім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов:
– Қазіргі таңда деструктивті діни идеологияның алдын алудың бірден бір жолы – білім ордаларында діни білімнің деңгейін арттыру. Бұл ретте, мұғалімдер Елбасы Н.Назарбаевтың еліміздегі дін мәселесіне байланысты «Ел азаматтарының Қазақстанда діни білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет» деп атап айтқан сөзін негізге алып жұмыс жасайды. Жалпы мектеп оқушыларымен діни экстремизмнің алдын алуға байланысты жүргізілген жұмыстар бірінші кезекте балаларды адамгершілікке, имандылыққа тәр­бие­леу, олардың діни көзқарасын дұрыс қалыптастыру және балаларға сауатты мамандарды қатыстыра отырып, «экстремизм», «терроризм» ұғымдарын өз мәнінде ашып түсіндіру бағытында ұйымдастырылды, – деді.
Білім ордаларында дінтану мұғалімдері арқылы жүргізілген сауал­нама кейбір балалармен тереңірек түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін көрсеткендігін жеткізді.
Сөз алған ювеналды полиция тобының аға инспекторы Қайыржан Үсенов:
– Аудан көлеміндегі мектептерде 18 570 оқушы, аграрлы-техникалық колледжінде 590 студент болса, ювеналды полиция тобында 7 қызметкер, оның 6 кент орта­лығындағы мектептерге бекітілсе, 1-і Төменарық елді-мекеніне бекітілген. Жыл басынан бері кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жасалған 65 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, барлығының ата-аналарына шара көрілді, – деді хабарламасында. Сондай-ақ, қылмыс жасағаны үшін 5 жасөспірімнің қылмысы бойынша ата-аналары дұрыс тәрбие бермегені үшін есепке алынған.
Комиссия отырысы барысында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнінде мәселе кеңінен қозғалып, сала басшылары бағытты жұмыстар жасалатындығы жөнінде келісті.

Айкерім МӘДИҚЫЗЫ
03 сәуір 2021 ж. 574 0