№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көпшілік сауалы – қоғамдық қабылдауда

Көпшілік сауалы – қоғамдық қабылдауда


«Nur Otan» партияды аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева жаңақорғандықтарды қабылдап, толғандыратын мәселелерін білді.


Оған партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, аудан әкімінің орынбасары Оңал Ержанов, аудандық мәслихаттың депутаты Нұрлат Байгенже қатысты.
Сан сауалмен келген аудан тұрғын­дармен еркін форматта пікір алмасып, уәждерін тыңдады. Әуелі Түгіскен ауы­лының тұрғыны С.Серікбаев, О.Абді­халыов, Ж.Үкібаев өз өтініштерін жеткізді.
– «Түгіскен ТШ» ЖШС тұқым өсірумен айналысады деген желеумен 18 жылдан бері жекешелендірілмей келеді. Қазір ірі-ірі компаниялардың акциялары жеке­меншікке беріліп жатыр. Ал, тұқым шаруашылығы бұған жатпай ма? Бізді осы сұрақ мазалайды, деді олар.
Түгіскендіктер екінші мәселені ортаға салды. Түгіскен суармалы массивінде 40 мың гектарға жуық инженерлік жүйеге келтіріліп, тегістелген жер бар. Күріштен шығатын суды К-1 және К-2 қашыртқысы арқылы су жіберу қарастырылған. Суармалы кезеңде жер асты суының есепсіз көтеріліп кетуі, жердің екінші рет қайта тұзданғанына әкеп соғып, өнімділікке әсер етеді. Бұл тығырықтан шығуда «Жаңақорған-Түгіскен-Келін­тө­бе» жолының астынан өтетін су өткелін (труба) тереңдетіп қазу керек.
Қаламгер Ерубай Қалдыбек ағарту саласының белді өкілі Әбіласан Әшірбековтің есімін өзі қызмет істеген №3 мектеп-интернатына беру маңызды екенін атап өтті.
Балаим Тұғанбайқызы қабылдауға келген тұрғындарға толыққанды жау­ап беріп, өтініштерінің жан-жақты қара­латынын жеткізді.

Әсел РЗАЕВА

08 қыркүйек 2021 ж. 353 0