№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛ ЖҮРЕГІ – НҰР-СҰЛТАН

ЕЛ ЖҮРЕГІ – НҰР-СҰЛТАН

    Ағымдағы жылғы 25 наурыз күні Қызыл­орда қалалық
  А.Тоқмағамбетов атындағы мәде­ниет үйінде Елорданың Нұр-Сұлтан қала­сы болып аталуын қолдау мақ­сатында «Алғашқы астанадан сәлем!» - атты облыстық акция-концерт ұйым­дастырылды. Шараға ардагерлер, этно-мәдени бірлестік өкілдері, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері, белсенді жастар қауымы, барлығы 500-ден аса адам қатысты.

Аталған шара Елбасының ел тари­хындағы еңбек жолына арналған
9 минуттық бейнероликтен басталып, бірқатар аймаққа белгілі қоғам өкілдерінің пікірімен жалғасты.
Атап айтар болсақ, шара облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Сейтқа­ли­ұлы Байқадамовтың алғысөзімен бастау алса, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, эконо­мика ғылымдарының кандидаты Қазыбай Құдайбергенұлының сөзімен жалғасты.
Өз пікірін білдірушілер қатарында, ҚХА «Орыс қауымдастығының» Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Владимир Петрович Толоконников те өз ойын жиналған жұртқа білдірді.
Сонымен қатар, шараға қатысу­шыларға әсерлі түрлі өз лебізін ақын, қоғам қайраткері, облыстық мәс­лихат депутаты Шәкизада Өтетілеу­ұлы Әбдікәрімов білдірді. Елбасының елорданың алғашқы кірпішін қалауынан бастап жасаған еңбектеріне тоқталып өткен ақынның айтқан сөздері жиналған жұртшылықты тебірентіп тастады.
Шара соңында Қызылорда облысының «Азаматтық Альянсы» қауымдастығының төрағасы Жандос Нұртайұлы Базартай өз пікірін аймақтағы үкіметтік емес ұйымдар атынан ортаға салып, елорданы Нұр-Сұлтан атау - жаңа тарихи даму кезеңге жол бастайтынын көпшіліктің назарына жеткізді.
Республикаға белгілі айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері, Сырдың саңлақ ақыны Мұхтар Ниязов өз сөзін арнаумен жеткізіп, елорданың
Нұр-Сұлтан қаласы атауына ауысуын тарихи дәлелдермен келтірілген жыр-шумақтарымен жеткізді. Бұл көпшіліктің үлкен қолдауына ие болды.
Шарада жергілікті өнерпаздардың орындауында патриоттық әндер орын­далып, жиналған қауымның жүрегіне отансүйгіштік сезімді жеткізе білді.

Әли ТЕМІРБЕК.
27 наурыз 2019 ж. 1 067 0