«Алтын сапа» байқауына қатысуға ниетті қызылордалық кәсіпкерлерге арналған семинар өтеді
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауды ұйымдастырушы ретінде 2021 жылғы 29 сәуірінде, 13 және 27 мамырында, 3,10, 17, және 24 маусымында сағат 14.30-ден 17.30-ға дейін «Алтын сапа» байқауының әлеуетті қатысушылары үшін вебинар өткізеді.
www.altynsapa.kz сайтында «Оқыту семинарлары» бөлімінде байқаулар бойынша бейне дәрістер орналастырылды. Байқауға қатысуға ниет білдірушілерге барлық бейне дәрістерді қарап, вебинарға қатысуды ұсынамыз.
Бейне дәрістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне сәйкес жасалған оқыту бағдарламасына сәйкес жазылған.
Бейне дәрістер келесі мәліметтермен таныстыруға бағытталған:
- «Алтын сапа» байқауының нормативтік құқықтық негізіне;
- байқауға қатысу үшін өтінім беру;
- ұйымның өзін-өзі бағалау әдістемесі.
Тыңдаушылар ұйым қызметін модельдеу негіздерімен танысады, өзін-өзі бағалау бойынша есепті әзірлеу үшін қажетті білім мен мысалдар алады. Бейне дәрістер ақпараты тыңдаушыларға ұйымды диагностикалаудың тәсілдерін түсінуге, модельді практикада құрал ретінде нәтижелі қолдануға, үздік компаниялардың тәжірибесін зерделеуге, жақсартуды тәжірибеге енгізуге, сапа саласындағы байқауларға белсенді қатысуға ынталандырады.
Вебинарға altynsapa.kz сайтында өтінім берген «Алтын сапа» конкурсының әлеуетті қатысушылары қатыса алады. Өзіңізге ыңғайлы кез-келген күні бір рет қатыса аласыз.
Вебинарға қатысқысы келетіндерге сілтеме алу керек, оны алу үшін вебинар басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын +7 701 925 14 64 телефон нөміріне WhatsApp-қа «вебинар» сөзін жазыу арқылы және/немесе сіздің өңіріңіздегі ӨКП жауапты тұлғасына хабарласу қажет. Қызылорда облысы кәсіпкерлер Палатасына жауапты сарапшысы: Танатова Гульдана +7 (724)-2-400981 (ішкі. 4311).

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі