№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда гарнизоны да «Алтын жебе-2021» кешенді тексеруіне жұмылдырылды

Қызылорда гарнизоны да «Алтын жебе-2021» кешенді тексеруіне жұмылдырылды

Қызылорда гарнизонына қарасты әскери бөлімнің барлау бөлімшелері дабыл бойынша көтеріліп, «Алтын жебе-2021» арнайы операциялар күштерінің құрамдарының кешенді тексерісінде бақтарын сынауға Ақтау гарнизонына аттанды.
Қызылорда гарнизонында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде өтіп жатқан кезекті «Алтын жебе-2021» арнайы операциялар күштерінің кешенді тексерісі басталды. Тексерістің алғашқы бөлігінде бөлімнің барлау бөлімшелері жауынгерлік дабылмен көтерілді. Сонымен қоса, бөлім орналасқан жерде жеке құрамды жинап, хабарлама жасап және саптық тексеріс жүргізіп, қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерді. Қызылорда гарнизонының бөлімшелері «Алтын жебе-2021» тексерісінің жауынгерлік тапсырмаларын орындау үшін темір жол көлігімен Ақтау гарнизонына жөнелтілді.
Ал, келесі кезеңдерде барлаушылар Ақтау гарнизонында кешенді тексерістің жоспарына сәйкес, кәсіби және моральдық-психологиялық жағдайымен қоса суық қаруды лақтыру, байланыс, инженерлік және артиллерияның атысты реттеу мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану кезіндегі жинаған тәжірибелерін көрсететін болады. Сол сияқты түрлі жауынгерлік тапсырмалардан сынақтар тапсырып,  күндізгі, түнгі уақыттарда марш жасап, оқу-тактикалық атыстарының нәтижелерін көрсетеді.
- Осы күнге дейінгі күндізгі және түнгі уақыттарда марш жасап, оқу-тактикалық атыстарға дайындалып және радиациялық, химиялық-биологиялық қорғаныс, топография мен медицина т.б. бойынша алған тәжірибелерімізді көрсететін уақыт келді. Бөлім жеке құрамы мен бөлімше командирлері өздерінің жинаған білімдерінің арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізуге дайын. Жауынгерлердің ерекше қабілеті мен сайысқа деген белсенділігі жоғары, – деп атап өтті әскери бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, подполковник Нұрлан Шегебаев.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде өтіп жатқан «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерінің компоненттерінің кешенді тексерісі жыл сайын өткізілуде.
Кешенді тексерудің мақсаты – бөлімдегі арнайы мақсаттағы барлау бөлімшелерінің жауынгерлік тапсырмаларды дер кезінде орындауын, жауынгерлердің далалық дайындығының деңгейін, кәсіби және жауынгерлік даярлықтарын тексеру мен олардың даярлықтарын арттыру.        

Мұхит Қонаров,         
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы 
сержант 
20 сәуір 2021 ж. 618 0