№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Асқар Мамин: Әкімдер жедел шектеу шараларын қабылдасын

Асқар Мамин: Әкімдер жедел шектеу шараларын қабылдасын


Мамин пандемиямен байланысты жағдай күрделі екенін атап өтті. Қазірдің өзінде сегіз аймақ «қызыл аймаққа» кірді. Ауруханалардағы орындардың 41%-і, ал реанимациялық орындардың 27%-і науқастарға толды. Вирустың репродуктивтілік индексі – 1,15%.
«Осыған байланысты әкімдер жедел шектеу шараларын қабылдасын. Барлық емдеу мекемесі дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толығымен қамтамасыз етілуі керек. Өңірлерде санитарлық нормалар мен бетперде режимін сақтауды күшейту қажет», – деді премьер-министр үкімет отырысында.
Мамин сәуір, сондай-ақ мамыр мен маусым айларында, жоспар бойынша ай сайын 2 миллион адамды вакциналауды тапсырды. Ол үшін денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер қоғамдық орындарды, соның ішінде сауда орталықтарын пайдалана отырып, вакциналаудың қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
Денсаулық сақтау министрлігі ақпарат министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, халыққа вакциналаудың маңыздылығын түсіндіруді жалғастыруы қажет.
12 сәуір 2021 ж. 582 0