Соңғы жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛДАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

15 қыркүйек 2026 ж. 56

АДАСПАЙЫҚШЫ, АДАМДАР!

15 қыркүйек 2026 ж. 55

Қош-қош айтып, құстарға...

15 қыркүйек 2026 ж. 55

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қуатты өндіріс – қуатты Қазақстан

Қуатты өндіріс – қуатты Қазақстан


"Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары «ШалкияЦинк ЛТД» АҚ жалғасты.
"Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, аудандық мәслихаттың депутаты Сермұхамед Оразгелдиев, «Бекарыс Агрофуд» ЖШС төрағасы Серік Мырзабаев, Жаңақорған аудандық кітапханасының директоры Әсемгүл Тілеубергенова, Жайылма ауылдық округіндегі №195 мектеп-лицейдің директоры Жанат Жүсіпова зауыттың басшылық құрамымен кездесті.
Партияның бесжылдыққа жоспарғанған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты ауқымды бағдарламасымен таныстырған Мәжит Балқожаұлы:
– Партия бағдарламасының "Экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы" бағытында жүйелі жұмыстар атқарылады. Яғни әр өңірдегі шағын және орта бизнес пен өндіріс орындарының өркендеуін қолдап, инвестиция тарту, өңірдің салалық мамандануы мен олардың өнеркәсіптік әлеуетін барынша іске асыруды ескере отырып, жобаларды іске асыру индикаторы белгіленеді, – деді.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар зауыт қызметкерлеріне сайлауға белсенді қатысып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы
Жаңақорған аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді



24 желтоқсан 2020 ж. 1 009 0