Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 419

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Алматы жартылай марафоны 2020: Виртуалды жүгіру жарысына қатысушыларды не күтіп тұр

Алматы жартылай марафоны 2020: Виртуалды жүгіру жарысына қатысушыларды не күтіп тұр


2020 жылдың 18 қазанында Алматы жартылай марафоны Virtual Half Marathon атты онлайн-форматта өтеді.
Бұл күні Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңға жуық спортшы онлайн-жүгіруге шығады.
Алматылық қатысушылар үшін ұйымдастырушылар жағымды тосынсыйлар дайындап қойды. Қала бойынша су пункттері, медаль беру орындары, музыкалық нүктелер орнатылады және фотографтар болады.
• ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ,
• «Атакент» ҚІЫО,
• «Алматы Арена» МС,
• Баум атын. тоғай.
9:30-дан 15:00-ге дейін барлық жүгірушілер медальді бірден жүгіріс мәресінде ала алады. Басталу уақыты әртүрлі. Жүгіру виртуалды болғандықтан, әрбір қатысушы жүгіру үшін өзіне ыңғайлы уақытты таңдайды.
Қашықтықтар:
21 км (жартылай марафон),
Үш адамнан тұратын командалар үшін 21 км-лік эстафета. Эстафетаның әрбір қатысушысы 7 км-ден жүгіреді.
Сіз кез келген қалада, қалаған жерде жүгіре аласыз. Әрбір қатысушы финишер медалін алады.
Сондай-ақ, 18 қазан күні таңертең Алматы марафонының Instagram-аккаунтында тікелей эфирде қатысушылар үшін, жүгірушілер үшін және скандинавиялық жүріс қатысушылары үшін  жаттығулар өткізіледі. Ал кешке сағат 18:00-де жүгірушілер Уәлихан Тен жүгіру мен альпинизді ұнататын кино мен театр актрисасы, Айсұлу Әзімбаевмен, тікелей эфирде сұхбаттасуын тыңдай алады.
Жүгіруге тіркелу https://www.almaty-marathon.kz/ru/events/virtual_half_marathon/reg/ сайтында әлі де жалғасуда.
Ұйымдастырушылар: «Бірінші болу — батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш. Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры және мультиспорттық #Сеніңжаңақырың Youtube-арнасы.
       
16 қазан 2020 ж. 510 0