№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысынан Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне мүшелікке үміткер 37 кәсіпкер тіркелді

Қызылорда облысынан Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне мүшелікке үміткер 37 кәсіпкер тіркелді


Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік іріктеу комиссиясының хатшысы Пірмұхаммед Сыздықов айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшелері сайлау арқылы анықталадындығы бұған дейін жазылған болатын.

7-22 шілде аралығында Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткерлерді тіркеу жүргізілген болатын. Тіркеуге өтініш берген кәсіпкерлердің ішінен Өңірлік іріктеу комиссиясының шешімімен қағида талаптарына сай келген 37 кәсіпкер үміткерлер тізіміне енгізілді. Үміткерлікке тіркелген кәсіпкерлердің 30-ы ер, 7-еуі әйел.
Салалық құрылымдар бойынша жасалған талдау бойынша үміткерлердің 8-і ауыл шаруашылығы саласында, 8-і құрылыс, 8-сауда, 3-еуі медицина, 2-еуі білім, қалған 8-і жеңіл өнеркәсіп, туризм, қоғамдық тамақтандыру және өзге де салаларда жұмыс жасайтын кәсіпкерлер.
«Үміткерлер тіркеліп болды. 25 шілде мен 3 тамыз аралығында Өңірлік кеңеске үміткерлер үгіт-насихат кампаниясын жүргізеді. Үгіт науқаны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, іс-шаралар, үгіт материалдарын шығару, тарату жолымен жүргізіледі. Ал 5-11 тамыз аралығында «дауыс беру» өткізіледі», - дейді Палата директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.    
Дауыс беруге облыс аумағында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдар қатыса алады. Әрбір кәсіпкерлік субъектісі, қауымдастық және өзін-өзі реттейтін ұйымдар бірінші басшы немесе арнайы өкілі арқылы бір кандидат үшін дауыс бере алады.
«Дауыс беру рәсімі онлайн режимде 5-11 тамыз аралығында www.vote.atameken.kz интернет-порталында жүргізіледі. Облыстық кеңес мүшелерінің 60 пайызы облыс орталығындағы кәсіпкерлерден, 40 пайызы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады», - дейді Палата директорының орынбасары.
Дауыс беру үшін сайттағы «дауыс беру» бөлігіне өту қажет. Сол жерден Қызылорда облысын көрсетіп, үміткер таңдалады. Үміткердің аты-жөнін басу арқылы бағдарламасымен танысуға болады. Үміткер үшін дауысты sms немесе электронды цифрлық қолтаңба арқылы беруге болады. SMS арқылы дауыс беру үшін ұйымның БСН, ЖСН нөмірлерін, дауыс берушінің телефон нөмірі көрсетіледі. Содан соң нөмірге келген sms кодты енгізу қажет. ЭЦҚ арқылы дауыс беру үшін ұйымның кілтін таңдау жеткілікті. Дауыс беру смартфон арқылы да қол жетімді.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
27 шілде 2020 ж. 576 0