№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Аға сеньорлар» жобасының тұжырымдамасы өзгерді

«Аға сеньорлар» жобасының тұжырымдамасы өзгерді


Адамзат COVID-19 коронавирус инфекциясы өршуіне байланысты пандемияға алғаш рет тап болды, бұл жайт халықаралық мәндегі қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайға әкелді.
Әлем елдері оқшаулау режимін қолға алды COVID-19 коронавирус инфекциясы өршуіне байланысты ҚР Үкіметі ағымдағы жылы «Аға сеньорлар» жобасы аясында шетелдік кеңесшілерді тартуды уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Дегенмен отандық салалық сарапшылар шағын және орта бизнеске нақты міндеттерді шешу бойынша кеңес көрсететін болады.
Отандық сарапшылардың консультациясы келесі шараларды қарастырады:  
- Кәсіпорындарды дамытудың нақты проблемаларын диагностикалау және анықтау;
- Нақты мәселелерді алып тастау бойынша практикалық жұмыс және шешімдер шығару.
Экономиканың басымдыққа ие салаларында қызмет атқаратын, жылдық айналымы 5000 АЕК-тен төмен кәсіпкерлер өз саласына кәсіби маманды тарта алады.  Кеңес беру маманның кәсіпорынға баруымен 10 жұмыс күні бойы жалғасады.  Маманның орналасуы мен тәуліктік шығындары кәсіпкердің жеке қаражатымен өтеледі. Қызмет көрсетуді төлеу және қатынау шығындары республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.  
Өтініштер 2020 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады.  Қажетті құжаттар тізімі мына сілтемеде:https://atameken.kz/kk/news/36098-koncepciya-proekta-starshie-sen-ory-izmenilas
Жобаға байланысты қосымша ақпарат алу үшін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлнұр Құрмантаеваға  8 771 479 7582; 8 7242 400874 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.
Өтінімдер gu.kurmantayeva@atameken.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
15 мамыр 2020 ж. 713 0