№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЯГӨЗДЕГІ ЖАНАТЫН КӨЛ

АЯГӨЗДЕГІ ЖАНАТЫН КӨЛ


ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ҚАРАСТЫ АУМАҚТА ТҮНГІ САҒАТ ЕКІЛЕРДЕ ЖАРҚЫРАП ЖАНАТЫН КӨЛ ТАБЫЛДЫ, ДЕП ЖАЗДЫ MASSAGET.KZ ЖАСТАР ПОРТАЛЫ.

Аягөздегі жанатын көлдің танымалдылығын арттыру – туризм саласын жылдам дамытудың ең тиімді жолы. Балқаштан 100 шақырымда жатқан бұл көл Аягөзге жақын орналасқан. Осы уақытқа дейін құпиясын тұңғиығында сақтап келген көлдің жұмбағын осыдан екі жыл бұрын журналист Нұрбек Бекбау көпшілікке жариялады. Шілде айының ортасында, түңгі сағат екілерде жарқырап жанатын табиғаттың бұл тылсым құбылысы не екен деп, барлығы теледидарға үңілген заман болды сол тұста. Зерттеу бойынша, көлдің жарқырап жануы үшін айлы аспан және самал жел керек екен. Табиғаттың жасап жатқан операциясының кереметтілігін қараңыз. Жоғарыда айтқан уақытта көл ортасы құдды ертегідегі көріністердей көп-көңбек түске еніп кетеді. Сәл уақыт кідірсеңіз, әлгі көл ортасындағы жарқырауықтар жағаға қарай ағылады екен. Қолмен ұстап көрсеңіз, өте қоймалжың сұйықтық жарық шашып тұрады. Қозғалыссыз бір орнында тұрса сөніп қалады. Қоймалжың суды қимылдатқан кезде жақыннан қарасаңыз көз ауыртарлықтай жарқырайды. Ғаламтордағы хабарлар бойынша, бұл ғаламат құбылыс Аустралия құрлығындағы Гипселенд көлінде де көрініс табады екен. Түн баласында ерекше түске енетін су қоймасын көбісі «Неонды көл» деп атайды. Бұндағы су жарығы көбіне орман өртенген кезде қатты жарқырайды. Яғни, жылуды сезінген сайын жарқырау қасиеті артатын көрінеді. Ерте ғасырларда Плиний көлдің осы түрі жайлы «Жаратылыс тарихы» кітабында жазған. Тіпті, 1492 жылы саяхатшы Христофор Колумбтың серіктері судың бұл ерекше түрін көріп таң-тамаша болған. Қазіргі уақытта, судың құрамын зерттеу ғылымға жеке сала ретінде енгізілген. Аустралия жер бетіндегі ең көне жануарлар мен тірі ағзалардың мекен ететін жері екені бесенелен белгілі. Сондықтан, бұл құбылыстың Аусталияда болуына айтарлықтай таңғалмаймыз. Ал, Аягөзге қайдан пайда болды? Ең негізгі сұрақ, судың құрамындағы жарқырап жатқан қандай жаратылыс? Жауабы мынадай болмақ, шілденің түн қараңғысында жұлдыздай жарқырайтын ол, кішкентай ғана шаянның уылдырықтары екен. Өзі де денесіндегі қабығы арқылы жарық шашады. Жоғарыда айтқандай, толқындар бұл жәндіктерді жағаға қаптатып шығарып тастайды. Осы төңіректің бозбалалары бұл уақытта жағаға келіп, шаянның жарқырауығын аулаумен айналысады. Жарық шашқанымен қоймай, бұл шаянның тіл үйірерлік керемет дәмі бар. Кәріс ұлтты азаматтар осы жәндікті аулау үшін, арнайы алыстан іздеп келеді екен.
28 наурыз 2018 ж. 1 587 0