№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Үйлеріне барып тексермейміз": Еңбек министрі 42500 теңгені алғандарға жауап берді

"Үйлеріне барып тексермейміз": Еңбек министрі 42500 теңгені алғандарға жауап берді


Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі 42500 мың теңгені алғандарға үндеу жасады, деп хабарлайды
Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған zhanaqorgan-tynysy.kz.

Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында жазыпты.
"Біраз заңгерлер алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілік бар екені туралы мақала, не посттар жазуда. Оны 42500 теңгеге қатыстырып келтіруде. Заңгерлер болғансоң заңды бізден артық біледі ғой. Олардікі дұрыс та шығар, бірақ бұл тек алаяқтарға қатысты.
Сіз ондай емессіз ғой. Сіз ешкімді алдаған жоқсыз.
Мен брифингтерімде, жазбаларымда айтқандай, өздеріңіз үшін - “мен жұмыс, тіршілік жасап (ресми, бейресми), ақша тауып жүр едім, енді төтенше жағдайға қатысты сол табыстан айырылдым” деп шештіңіздер ма? Кейін, мен ескерткендей, өтініш бергенде порталда төмендегі жазбаны тағыда оқып, растап, сөйтіп барып өтінішті жібердіңіз ба? Ондай болса - сіз айттыңыз, біз сендік. Сіз алдаған жоқсыз. Біз тағайындадық, төледік.
Сол үшін кінәлайды деп еш уайымдамаңыздар. Дәл мен айтқандай жасаған болсаңыздар, біздің тарапымыздан үйді аралап ешкім тексермейді", - деп жазады Нұрымбетов
Министр мұндай әңгімелер түптеп келгенде неден басталғаны туралы ашып айтты.
"Соңғы брифингте, бір жүрналист маған - мен жұмыс істеп, тұрақты жалақы алып жүрген адам 42500 теңге алғанын білемін, оны қалай өткізіп алдыңыз деп сұрады.
Мен оған, біз өтініш беру тәртібін, халықтың сұрауы, талабы бойынша барынша қарапайымдаттық, жұмысберуші өтінішінде қызметкерлерімді ақысыз демалысқа жібердім деп көрсетті, біз оған сендік. Ал олай болмаса, жұмыс беруші жауап береді, оны біз кейін тексеріп аламыз деп жауап қайтардым. Брифингті көргендер растайтын шығар. Жалпы дұрыс емес пе? Артынша екінші сұраққа, өтініш берген халықты, үйлерін аралап тексермейміз дедім. “Сіз айттыңыз, біз сендік. 42500 алдыңыз ба, жаратыңыз” дедім.
Солай болады", - деп қосты ол.
Еңбек министрі расымен де табысынан айырылып, мемлекеттік жәрдемақыны алған азаматтар жауапкершілікке тартылмайтындығын айтып кетті.
"Сондықтан, осы жағдайда, өзіңіз үшін тағыда шешіп алыңыз - мен 42500 теңгені алдап алдым ба, жоқ па деп. Әрине жоқ. Олай болса сіз ешқандай жауапкершілікке ешқашан тартылмаймыз. Халық 42500-ге өтініштерін еріккеннен беріп отырған жоқ. Төтенше жағдай болмасада басым халықтың табысы аз. Жалақы төмен, зейнетақы, жәрдемақы көп емес. Сондықтан біз қарапайым таза халықты артынша тексеріп жатпаймыз.
Аман болыңыздар, өзіңізді, жақындарыңызды мына індеттен сақтаңыздар!" - деп аяқтады сөзін министр.
17 сәуір 2020 ж. 610 0