Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 129

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 147

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 966

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 469

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 668

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 656

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қызылордалық кәсіпкерлер карантинде жататын науқастарға арнап өз ғимараттарын бермек

Қызылордалық кәсіпкерлер карантинде жататын науқастарға арнап өз ғимараттарын бермек

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.  


Жазбада: «Жаңа ғана аймағымызға белгілі кәсіпкерлер Қайрат Боранбаев пен Мұрат Сәрсенбаев әріптестерім хабарласып, мына ел басына түскен сынақта күн-түн демей күресіп жатқан жандарға көмек бергісі келетіндіктерін жеткізді. Қайрат Жомартұлы «Қызылорда» қонақүйін, Мұрат Абайұлы әуежай маңындағы ғимаратты уақытша медициналық нысан ретінде пайдалануға беретіндіктерін жеткізді.
 Түсінікті болу үшін кәсіпкерлердің жазған хабарламасын толық жазуды жөн көрдім. Қайрекең мен Мәкең маған ренжімес.)
  «Елімізге келген алапат ауруға қарсы күреске бізде атсалысу мақсатында, қала сыртында аэропорт тұсында гостиничный комплекс (түсінікті болу үшін) етіп салынған үш ғимаратты: біреуін асхана,  біреуін мед.персоналдарға және ауруға күдікті кісілерді оқшаулауға, отыз адамдай орналастыруға беруге дайынбыз.»
«Галеке! Если понадобится мы можем предоставить здание гостиницы "Кызылорда" для размещения карантинных! Главное пусть помогут с медперсоналом!».
   Бұған дейін де, кәсіпкер-әріптестеріміз Ділмұхамед Абызов, Аида Керімқұлова және өзге де әріптестеріміз халыққа тегін маска таратып, өңір тұрғындарына моральдық қолдауларын көрсеткен болатын.
   Осындай қайырымды жандарымыз барда «біз алмайтын асу, бағындырмайтын биік» жоқ екендігіне көзің жете түседі.
    Бар болыңдар, Сырдың арда азаматтары!», - деп көрсетілген.
     Айта кету керек, аты аталған кәсіпкерлердің барлығы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
02 сәуір 2020 ж. 385 0