Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 008

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 041

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 853

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 355

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 563

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 555

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстандағы жұмыс берушілер қысқартылған жұмыс режиміне көшуге құқылы

Қазақстандағы жұмыс берушілер қысқартылған жұмыс режиміне көшуге құқылы

zhanaqorgan-tynysy.kz. Қазақстандағы жұмыс берушілер қысқартылған жұмыс режиміне өздерінің жеке бұйрығымен көшуге құқылы. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

«Егер де жұмыс көлемі шектелетін болса, жұмыс берушілер өздерінің бұйрығымен қысқартылған жұмыс режиміне көшуге құқылы. Мұнда аптадағы жұмыс күндерінің саны немесе бір күндегі атқарылатын жұмыс сағаты азаюы мүмкін. Немесе жұмыс күнімен бірге, сағат та азаюы ықтимал.
Бұл жағдайда жұмыс істеп жүрген азаматтар сағатына қарай еңбекақы алатын болады.
Яғни, мысалы аптасына жұмыс күні бес күннен үш күнге қысқартылса, аптасына үш күндік жалақыны алады. Немесе бір күнде сегіз сағаттың орнына төрт сағат жұмыс атқарылса, төрт сағаттың жалақысы міндетті түрде төленетін болады. Толық емес жұмыс күні Еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі», – деді Б. Нұрымбетов.
Бұған дейін министр қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар барлық кәсіпорындар мен мекемелер осы режимге ауысуға міндетті екенін мәлімдеген еді.
16 наурыз 2020 ж. 325 0