Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 54

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Украина ұшағы құлады: жолаушылардың бәрі көз жұмды – БАҚ

Украина ұшағы құлады: жолаушылардың бәрі көз жұмды – БАҚ




Boeing 737 лайнері Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін екі минуттан соң құлаған, бортта 167 жолаушы болған


Иранда украиналық ұшақ құлады, борттағы барлық адам көз жұмған, деп хабарлайды Рейтер агенттігі Иранның телеарнасына сілтеме жасап.
Boeing 737 лайнері бүгін таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң құлаған.
Иранның минавиация өкілі Джаафар Заде ұшақ бортында 167 жолаушы болғанын мәлімдеді. Бұған дейін лайнерге 180 жолаушы мінгені хабарланған еді.
"Flightradar" ұшақтардың қозғалысын бақылайтын қызметтің ақпаратынша, украиналық PS752 рейсі Тегераннан Мәскеу уақытымен 5.42-де ұшып шыққан. Арада екі минут өткен соң, 5.44-те радардан жоғалып кеткен.

Әлеуметтік желілерде ұшақтың құлаған сәті түсірілген видео мен оқиға орнынан суреттер жарияланды.

Дереккөз: sputniknews.kz
08 қаңтар 2020 ж. 641 0