Дәріні қалай ішеді?
Бұл күндері дәріханадан кез-келген дәрінің түрін оңай табуға болады. Кейбір пайда қуған пысықайлар жасалынған жері күмәнді дәрі-дәрмектерді ашық та, жасырын базарда да сата беретін болды. Бұларға жолай көрмеңіз. Арнайы тексеруден өткен дәрілерді ғана пайдаланыңыз. Енді дәріні дұрыс ішудің жөн-жосығын айтайық.
Дәрінің емдік қасиетінің жоғалмауын, ағзаға дұрыс сіңуін көздей отырып, дәріні тамақ алдында, тамақтан кейін не тамақпен бірге ішу керек.Мысалы, тамақтан кейін ішілген пенициллин, сульфиниламид дәрілері кеше- уілдеп барып сіңеді. Тетрациклинді антибиотиктер сүт тағамдарымен қосылса, ағзаға сіңуі қиын қосындылар түзеді. Сондықтан да дәрілерді тамақтың алдында ішуге кеңес береді.
Балаларға дәрі берерде кейбір ата-аналар оны тәтті шырынмен, қант қосылған сумен араластырады. Ол хлорлы кальций, амидопирин, тетрациклин сияқты дәрілердің емдік қасиетін төмендетеді. Сол үшін бұларды қайнаған жылы сумен ішкен жөн.
Ал кейбір дәріөдәрмектер (аспирин, бруфен, резерини, преднизолон, дифений) асқазан мен ішектің кілегей қабығын тітіркендіреді. Олар адамды кекіртуі, лоқсытуы мүмкін. Тіпті асқазанды қыжылдатып, ауыртуы да ықтимал. Сондықтан дәрігерлер бұл дәрілерді тамақтан соң ішуге кеңес береді.
Қай дәріні қашан ішудің басқа да қағидалары бар. Сол себепті дәрігерден жаңа бір дәріге рецепт аларда оны қашан және қалай ішіу керек екенін нақтылап алған дұрыс.