Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызылорда балуандарында 11 медаль!

Қызылорда балуандарында 11 медаль!


Машбек ауылында Еңбек ардагері Машбек Нəлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен жастар арасында республикалық турнир өтті.
Биыл он төртінші мəрте ұйымдастырылған жарысқа ұлттық құрама, Алматы, Шымкент қалалары, Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қызылорда облыстарынан 9 команда 90 спортшы 8 салмақ дəрежесінде өзара мықтыны анықтады.
Айтулы бəсекеде облыс спортшылары жақсы нəтиже көрсетіп, 11 медаль иеленді.
100 келіде Айдын Жыланбасов чемпион атанса, Дəулет Тұрғанов (55 келі), Олжас Оразалыұлы (60 келі), Нұрдаулет Жақсылық (66 келі), Еңбек Сақтағанов (90 келі) күміс жүлделерге ие болды.
Ерасыл Зейноллаев (55 келі), Бағдаулет Имамзада мен Бердібек Əбдіғаппар (66 келі), Əзір Əбдірахманов пен Бағдаулет Төлешов (74 келі), Спандияр Əлмаханов (100 келі) қола жүлделерді еншіледі.

Жазба және фото авторы Лаура Шонгалова
21 қазан 2019 ж. 766 0