Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Египетте 5 мың жыл бұрынғы тас табыт табылды

Египетте 5 мың жыл бұрынғы тас табыт табылды


Египетте 5 мың жыл бұрынғы тас табыт табылды

"ЖАҢАҚОРҒАН ТЫНЫСЫ " BAQ.KZ. сілтеме жасап  Археологтардың Египеттің эль-Мануфия провинциясынан екі мумиясы бар тас табыт тапқанын хабарлайды.

   Агенттік таратқан мәліметке сүйенсек, әктастан жасалған табыттардың ұзындығы – 2 метр, ал ені– 0,6 метр. Ол жер жұмыстарын жүргізу  кезінде табылған. 
    Ғалымдардың айтуынша, табыттағы мумиялар қатты бүлінген, дегенмен оларда алтыннан жасалған әшекейлердің бөліктері бар көрінеді. Мумияны ары қарай зерттеу үшін жергілікті музейге табыстаған. 
    Ақпан айында ғалымдар Египеттен жалпы 40 мумия тапқан. Сүйектер бірнеше көне жерлеу камерасынан табылған. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл сүйектер орта таптағы отбасыға тиесілі. Сондай-ақ, бұл отбасы мүшелері ежелгі Рим мен Византия тұсында өмір сүруі мүмкін.

03 сәуір 2019 ж. 1 229 0