№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Қаратөбе

Бұл Баспақкөл – Жаңақорған ауданының шеткі ауылдарының бірі. Тарихи орын, үлкен төбенің сұлбасы әлі сақталған. Кейбір деректе биік төбе, күзетші орны ретінде әспеттеледі. Оны тарихшылар еншісіне қалдырамыз.

Жалпы, елімізде Қаратөбе атауында үш ауылдық округ бар. Бірі – Жамбыл облысы Жамбыл ауданында, екіншісі – Түркістан облысы Төле би ауданында, үшіншісі – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында, төртіншісі – Жаңақорған ауданында.
Бұл елді мекен 1970 жылға дейін Шымкент облысы Қызылқұм ауданы Түркістан қаракөл қой совхозы болып ашылды. 1972 жылы КПСС ХХІV съезі атындағы егін, мал шаруашылығымен айналысатын совхоз болып құрылды. 1994 жылы «Баспақкөл» өндірістік кооперативі, 1997 жылы аталған өндірістік кооперативі тарап, 29 шаруа қожалығы болып егін шаруашылығымен айналысады. Қандөз ауылдық советінен 1976 жылы маусым айында Еңбекшілер депутаттары Қаратөбе ауылдық кеңесі атқару комитеті болды. 1997 жылы облыс әкімінің №144 қаулысымен Қаратөбе ауылдық округі болып құрылды. Орталығы – Баспақкөл елді мекені. Бұл Баспақкөл – баспақтың тұяғына ұқсас көлге қатысты атау. Кезінде көлдің орнына бақша салып, бұрын-соңды болмаған өнім жиналған.
Бүгінгі таңда ауылда 308 отбасы бар, 1728 адам тұрады.
Ауылдан Ұлы Отан соғысының ардагері Оқас Шегенов,«Сұңқар» шаруа қожалығының төрағасы Құлмағанбет Исаханов, Тынысбек Ысқақов, Қайрат Нұрымбетов, ұстаз Қожан Бекмұханбетов, Садан Жүсіпәлиев, Зұлпыхар Жүсіпәлиев секілді ел ағалары шыққан.
25 қаңтар 2021 ж. 1 310 0