№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Шəкəрім атаның он нақылы

Шəкəрім атаның он нақылы


1.Адамның мәні – оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана тән нәрсе.


2.Адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді.

3.Өтіріктен тілін тия алмаған адам арамдықтан ындынын тия алмас.

4.Сақ адам сандығын бекіте алады. Есті адам тілін тия алады. Бірақ ешкім ойын тия алмайды.

5.Молдалар: «Жан денеден шыққанда қатты қайғырады», — дейді. Өтірік айтады – неге десеңіз, жан ақылмен бірге шығатын болса, дене тұтқынынан құтылғанына қуанса керек. Егер ақылы жоғалатын болса, қайғыруды білмесе керек.

6.Шын бақ - ата-ананың махаббаты мен балалардың таза жүрегінде.

7.Қазақтың жайнар даласы,

Жетілер оқып баласы.

Шошытатын мені сол –

олардың күндес, таласы.

8.Терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді. Әулие дегені сол болса керек.

9.Зор дұспаннан қандай сақтансаң, ұсақ жаудан сондай сақтан.

10.Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл.

Материал vk.com әлеуметтік желісінен алынды.
06 қыркүйек 2019 ж. 833 0