Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДАНИЯР ҚАЙСАНОВ: АДАМ БАТЫРОВТЫ КҮТКЕН ЕДІМ

ДАНИЯР ҚАЙСАНОВ: АДАМ БАТЫРОВТЫ КҮТКЕН ЕДІМ

Күрес түрлерінен Қытайдың Синань қаласында Азия чемпионатында еркін күрес шеберлері 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Азия біріншілігінің жеңімпазы атанған Данияр Қайсанов (74 келі) Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, чемпионаттан алған әсерлерімен бөлісті.
Азия ойындарында ел қоржынына күміс сыйлаған Данияр сары құрылықтық бұл бәсекеде қарсылас шыдатпады. Алайда, ол ең негізгі қарсыласының жарыстан сырт қалғанын айтады. 
– Менің салмағымда 16 балуан күресті. Барлығын да жақсы білемін. Ал өзім үшін ең ауыр кездесу моңғол спортшысына қарсы өтті. Ол жақында Моңғолия чемпионы атанған және Азия чемпионатында топ жарған балуан. Десе де, өз тәжірибем мен шеберлігім арқасында жеңіске жеттім. Айтпақшы, менің ең азулы қарсыласым, Ресейдің екі дүркін чемпионы Адам Батыров жарақатына байланысты кілемге шыққан жоқ. Мен осы балуанды күткен едім. Ол бүгінде Бахрейн атынан сынға түсіп жүр. Бұл медаль менің әрі қарай үздіксіз дайындалып, әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуіме серпін береді. Сондай-ақ, алдағы Олимпиада ойындарына жолдама алу мақсаты бірінші орында тұр. Енді бір аптадай демалыс алып, жаттығу жұмыстарына қайта кірісемін. Мамыр айының аяғында Италияда рейтингілік жарыс өтеді. Сол бәсекеге қатысамын», – дейді Қайсанов. 
Сәттілік жігіттерге!
29 сәуір 2019 ж. 859 0