№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Таэквондошылар тартысы

Таэквондошылар тартысы


Жаңақорған ауданы мен Халық ақыны Манап Көкеновтың 90 жылдығына арналған 2006-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында таэквандодан облыстық ашық турнир өтті. Жаңақорған спорт клубында өрбіген спорттық шараға Қызылорда қаласы, Шиелі, Жаңақорған ауданынан келген сегіз командадан 163 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Турнирді ата-аналар атынан Асан Нақышпанов пен Ариякүл Молдабаева сөз сөйлеп жас спортшыларға сәттілік тілекпен ашты.
Жаңақорған командасының жаттықтырушысы Камилжан Нақышпанов тіс қаққан шәкірттерімен қатар татамиға енді бой үйрете бастаған спортшыларды да қосыпты. Ондағы мақсаты шәкірттері шыңдала берсін дегені.
Шешімталдық пен шапшаңдықты қажет ететін таэквондада аяқ пен қолды қатар пайдалана білу маңызды. Оның үстіне, жігер мен қайсарлық та қажет.
Сайыс болған соң жеңімпаз болуы заңдылық емес пе? Жарыс қорытындысы бойынша жас ерекшеліктеріне қарай 18 келі салмақта шиелілік Ғаламат Ғалымұлы (ұлдар арасынан), Гүлсезім Өмірбекова (қыздар арасынан) тұғырдың биігінен көрінді. 20 пен 24 келіде қос жаңақорғандық Асхат Найманбай пен Арафат Қайбуланың мерейі үстем болды.
Сондай-ақ, Аружан Мейрамбек мен Ерасыл Жақсыбай, Ернұр Ермекұлы, Ақтөре Нұрмахан, Дулат Медетбекұлы пен Мейіржан Мұзарапов, Әмина Әбдіжаппар, Ғазиз Изатулла, Омар Абай, Гүлназ Қайбулла, Алтынай Қарақбай, Данияр Жүсіпов, Жандәулет Өтеген, Алау Әбдірахманов, Нұрасыл Райымбек, Нұралхан Бурахан, Нұрбақыт Қонысбек және Ақбалым Әшім өз салмақтарында дара шықты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ең өкініштісі, сала басшылары ауданда тұңғыш рет өткен турнирде төбе көрсетпеді...
Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
20 қазан 2018 ж. 1 186 0