№74 (8682) 19

19 қыркүйек 2023 ж.

№73 (8681) 16

16 қыркүйек 2023 ж.

№72 (8680) 12

12 қыркүйек 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » QJ лигасының орталық кездесуі өтті

QJ лигасының орталық кездесуі өтті

Биыл Қазақстан футболына тың жоба ретінде іске қосылған QJ (Қазақстан жасөспірімдер) лиганың орталық кездесуі Қызылорда қаласында ұйымдастырылды.

Футбол мерекесіне лиганың қамқоршылық төрағасы Тимур Турлов пен лига президенті Рохус Шох арнайы келіп, қызылордалық жанкүйерлермен біге «Қайсар» – «Ақсу» матчын тамашалады.

Орталық кездесуде облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов QJ (Қазақстан жасөспірімдер) лиганың ел футболының даму жолында үлесі басым екенін айтты. Сондай-ақ лиганың ұйымдастырушыларына аймақ басшысының алғысын жеткізіп, «Ақсу» және «Қайсар» командаларына сәттілік тіледі.

Футбол мерекесі аясында жанкүйерлерге ұлттық ойындар, Live band, дәмді палау үлестірілді. Сонымен қатар эстрада жұлдызы Ильхан Ихсанов пен Маченский ән шырқап, қызылордалықтарға керемет көңіл күй сыйлады. Матч соңында жанкүйерлер лоторея ойынына қатысып, Дубайға жолдама, айфон 14 ұялы телефонын, Ps5, Airpods, Apple Wath, Қазақстан құрамасының жейдесін ұтып алды.

Айта кетейік, QJ (Қазақстан жасөспірімдер) лигасында еліміздің ең таңдаулы 12 командасы бақ сынайды.

18 қыркүйек 2023 ж. 76 0